Қаршадай қыздың адалдығы
«Бұл халыққа не болған?» деп әкем ашуланып үйге кірді. Артынан мән жайын білдім. Әкем базарға барып құмшекер алғысы келеді. Базарға көп жылдардан бері алғаш баруы. Сатушы «таразыдан жеп берейін бе, онда арзан болады, толық берсем қымбат болады?» дейді. Әкем шалқасына құлайды. Сол кезде базардың қадағалайтын таразысы да бұзық еді. Бұл сонау егемендінің алғашқы қиын жылдары еді.
Өткенде барсам көңілі жайланып отыр. Себебін сұрадым. «Мына бір кездері қаршадай қыз да есейіп қалыпты» деді. Әрі қарай сұрамай әңгімені өзі өрбітті.
«Бұл қыз осы қаланың шетінде тұратын бір кедейдің қызы екен. Бір күні үйге есікті қағып сүт сатып жүргенін айтты. Мен сүтін алып бес жүз теңге бердім. Ол қарамастан алды да кетіп қалды.Жарты сағат өтпей жатып әлгі алты жеті жасар қыз қайта келді. Қарасам қолында екі мың теңге. «Сіз жаңылысып бес жүз емес екі мың беріпсіз» деп маған ұсынды. Өздері зорға күнін көріп жүргендер үшін екі мың теңге әжептеуір ақша еді. Бірақ үйіне барып анасына беріп жатып «оның бергені без жүз болатын қайта беру керек қой» депті. Анасы «әрине қызым біреудің ала жібін аттаған екі дүниеде жақсы болмайды, қайтарып бер, Құдайдан қорқу керек қызым» деп қайта жіберіпті. Содан қаршадай қыздың мына адалдығына таңырқап кейін үйіне барып ата анасымен таныстым. Өте кедей екенін білдім. Содан қолдан келген көмекті беріп келдім. Соңғы кездері көмегімді алмай қойды. Сөйтсем жағдайы әжептеуір біреуге мұқтаж болмайтын жағдайға жетіпті. Немеремді сағынғанда сол қаршадай қызды көріп соны көргендей боламын» деп менің қызымды меңзеп сөзін аяқтады.
Иә мұны не үшін айтып отырмын? Бір кездері халыққа көңілі қалған әкем енді көңілі толып отыр. Сол кезде есіме хазіреті Омардың бір қыздың анасына: «анашым! Біз сүтке су қосып қалай сатамыз? ел білмесе де Құдай көріп тұр ғой» дегенін сырттай естігеніне қатысты әңгімесі есіме түсіп «Бұл халықтың иманы толыса бастаған екен ғой» деп іштей ой түйдім.