Қарт адамдарға əрқашан қайырымды болғанымыз жөн
1990 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қазанның 1-ін Халықаралық қарттар күні деп бекітті. Алғашында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада, ал 80-ші жылдардың соңында бүкіл әлемде аталып өтетін болды.
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.
Жас жүрген жер — мерекелі болса, Қарт жүрген жер — берекелі болмақ. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Қарттар біздің қазынамыз. Сол қазынамызды бар кезінде бағалап құрмет тұтайық!
Құрметпен: «ЕлАна» қоғамдық-танымдық сайтының ұжымы