ҚАРТ АНАНЫ АРДАҚТАДЫ
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен және аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбектің қатысуымен 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесінде Жаңатас қаласының тұрғыны, қарт ана Макен Баядилованың үйіне кіріп, ардақты ананы мерекемен құттықтап шықты.

Аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған билер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек қарт анаға зор денсаулық, балалардың ортасында шамшырағы болып жүре беруіне тілек білдіріп, сый — сияпат көрсетті.
Өз кезегінде Макен апа ризашылығын білдіріп, аналық ақ батасын берді