Қартаюға жол бермейтін бес әдісті білесіз бе?
Медицина саласында 2009 жылғы Нобель сыйлығының иегері Элизабет Блэкберн қартаюға жол бермейтін бес тәдісті атап берді. Атақты биолог кәрілікке ұшырауы — адам хромосомасындағы теломерлер аумағының қысқаруынан дейді. Бұл туралы Российская газетаға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Адам ағзасындағы теломерлер көлемі оның денсаулығы мен жас шамасын көрсетеді. Уақыт өте келе ол кішірейіп, өзінің шектік дәрежесіне жеткенде жойылып кетеді екен.
Сонымен, Элизабет Блэкберн ұсынған бес кеңес:
1. Кез-келген жағдайға сабырлық таныту.
2. Күніне 12 минут медитация жасау. Нәтижесі екі айдан соң байқала бастайды.
3. Жақсы көретін адамдармен, достармен сөйлесу.
4. Отбасын құру.
5. Ақша табу. Тұрақты жақсы табыс адамның түрлі жағдайда өзін сабырлы ұстауына септігін тигізеді деп санайды биолог маман.