ҚАРТЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР

Жаңа жылдың қарсаңында ауданымыздағы бірқатар ауылдық округтерде болып, ауыл ақсақалдарын мерекемен құттықтап шықтық. Көнекөз қариялардың азық болар әңгімесіне құлақ түріп, ақ баталарына қол жайдық.
Ең алдымен аудан орталығындағы қарияларымызға сәлем берсек, одан әрі Бәйдібек пен Көктөбе ауылына да ат басын бұрдық. Сонымен бірге, Жаңа жол ауылындағы Гуловша Гусейнова есімді ғасыр жасаған кейуанамыздың шаңырағында болдық.
Дария көңіл ақсақалдарымыз да елдің амандығы мен жұрттың тыныштығына тілеулестік білдіріп, алдағы жұмысымызға сәттілік тіледі.