Қарты бар елдің қазынасы бар (Фото)

                         Атырауда ардагерлердің республикалық семинар-кеңесі өтті

                  Жастармен өткізілген ғибратты кездесулер

Қазақ халқы ежелден қартын құрметтеп, ардақтаған. Тек қана құрметтеп қана қоймай, рухани қазыналы қарттарының келелі әңгімелерін, ақыл-кеңестерін, теңіздей терең өмірлік тәжірибелерін, олардың өнеге толы %d0%b1-%d1%96%d0%b7%d0%bc%d2%b1%d1%85%d0%b0%d0%bc%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%be%d0%b2өмірбаяндарын кейінгі толқын жастарға үлгі еткен. Әсіресе қиын-қыстау кезеңдерде шешен де көсем, ақылы дария ақылгөй дана қарттарынан ақыл-кеңес сұраған. Белгілі қоғам, мемлекет қайраткері талайлаған лауазымды қызметтер атқарған, елбасымыздың сенімді серіктерінің бірі, республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ҚР Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовтің мұрындық болуымен Атырауда өткен «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу, қарсы іс-қимыл жасау, анықтау, жолын кесу —  адамның, қоғамның мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы семинар-кеңес те еріккеннің ермегі емес, салиқалы жиын болғандығын біз оның барысында бағамдадық. Семинар – кеңеске еліміздің барлық өңірлерінен айтары бар қарт қоғам қайраткерлері, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағалары, облыстың танымал ақсақалдары, қала және аудандар әкімдері, дін басшылары қатысты. Бұл келелі кеңестің Атырау өңірінде өткізілуінің өзіндік мәнісі бар. Соңғы кездері батыс өңірлерімізде болып жатқан беймаза оқиғалар осындай маңызды бас қосудың  қажеттігін айғақтағандай. Семинар-кеңестің іс-жоспарында жоғарыда аталған тақырып аясында ғана емес, өзге де өнегелі кездесулер, танымдық көрсетулер бар екендігін шолып өттік. Сонымен осы семинар кеңес несімен айшықталды, несімен үлгілі — өнегелі болды осыған назар аударайық.

%d1%81%d0%b5%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b0%d1%80%d2%93%d0%b0-%d0%b0%d1%80%d0%b4%d0%b0%d0%b3%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b5%d1%80-%d3%99%d1%80-%d0%be%d0%b1%d0%bb%d1%8b%d1%81%d1%82%d0%b0%d0%bd-%d0%b6%d0%b8%d0%bd

Жиынның алғашқы күнінде ардагерлердің бір тобы жақында ғана университет мәртебесін алған Атырау мұнай және газ жоғары оқу орнында болып, оқытушылар құрамымен, ардагер профессорлармен, студент –жастармен кездесті. Мұнда олар еңбек жолдарынан тәжірибелерімен бөлісті. Отан, ел, отбасы тақырыптарында мазмұнды әңгімелер айтты. Қонақтар лебізіне білім ордасының ардагер -профессорлары да сөз қосып, әсерлі бас қосудың тыңдарман жастарға берер ғибраты мол болды, өте бір тәрбиелік мәні зор шара өтті. Университет ректоры Әли Әбішев  ғылыми кеңестің қаулысын хабарлап, ардагерлер Ө.Озғанбаев пен Е.Шәйқұтдіновке «Университеттің құрметті профессоры»  атағы берілгендігін хабарлап, төсбелгілерін тақты, құжаттарын салтанатпен табыс етті. Сөз алған академик Шайқұтдінов кезінде осы оқу орнының ашылуына қатысы бар ғалым ретінде бүгінгі буынның ғылым жолына түсуіне әлі де көмектесуге дайын екенін айтты.

                       %d0%ba%d0%b5%d2%a3%d0%b5%d1%81-%d1%81%d0%b0%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d1%82-%d1%81%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d0%bd%d0%b4%d0%b0-%d3%a9%d1%82%d1%82%d1%96  %d3%a9%d0%bc%d1%96%d1%80%d0%b7%d0%b0%d2%9b-%d0%be%d0%b7%d2%93%d0%b0%d0%bd%d0%b1%d0%b0%d0%b5%d0%b2

Ақсақалдардың облыстағы тәлім-тәрбиелік жұмыстары жалғасын тауып, Е.Шәйқұтдінов пен Ж.Мәуленқұлов Қазақстан Ұлттық арнасы Атырау облыстық телевидениесінің арнайы хабарына қатысты. Ал Ө.Озғанбаев, С. Мешітбаева, Ғ.Төлеғұл, Е.Келемсейіт қаладағы Дарынды балаларға арналған интернаты бар облыстық ұлттық гимназияға барып, ұстаздар мен оқушылардың тіршілігімен танысты. Тәуелсіздіктің құрдасы саналатын бұл гимназия биылғы оқу жылын жаңадан салынған сәулетті ғимаратта бастаған болатын. Интернатпен, оқу орнымен танысқан ардагерлерге ғылым жолына ұмтылған бір топ оқушы өз зерттеулерімен жүзеге асырған жобаларын көрсетіп, тәжірибелер жасады. Қонақтар гимназияның кең мәжіліс залында өнерлі балалардың концертін тамашалады. Жас өрендер алдында Ө.Озғанбаев, Е.Келемсейіт сөйлеп, отансүйгіштік пен ізденісті білімге шақырды. Осы бас қосуда аталмыш гимназияның ашылуына зор еңбек сіңірген ұйымдастырушысы, директоры, ҚР Педагогика ғылымдары академиясының академигі Н.Ғ.Даумовтың «Педагогикалық менеджменттегі копоративтік мәдениет» деп аталатын кітабының тұсауы кесілді.

                    %d0%bc-%d0%bc%d2%b1%d1%85%d0%b0%d0%bc%d0%b1%d0%b5%d1%82%d0%be%d0%b2-%d2%93-%d1%82%d3%a9%d0%bb%d0%b5%d2%93%d2%b1%d0%bb-%d1%81-%d1%82%d3%a9%d0%bb%d0%b5%d1%82%d0%be%d0%b2   %d0%ba-%d0%b1%d0%b5%d0%ba%d0%bc%d0%b0%d2%93%d0%b0%d0%bc%d0%b1%d0%b5%d1%82-%d1%81-%d0%bc%d0%b5%d1%88%d1%96%d1%82%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d2%9b%d1%8b%d0%b7%d1%8b

Екі оқу орнындағы жастармен, жасөспірімдермен өткізілген кездесулердің тағылымдық маңызы айтарлықтай болды. Студенттер мен оқушылар алдыңғы буын ағалардың әңгімелерінен есте қаларлықтай ғибратты әсер алып, қанаттана түскені анық.

      Жасыңда жалықпасаң – қартайғанда тарықпайсың

Келесі күні Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Ізмұхамбетов бастаған семинарға қатысушылар өңірдің ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан ірі жобалармен танысты. Алдымен кемеге отырып балық шаруашылығындағы жаңалықтарға қанықты. Осы аймақты басқарып, көптеген тың жобаларды жүзеге асыруға бастамашы болған Бақтықожа Салахатдинұлы облыстың тыныс-тіршілігі мен экономикасын ардагерлерге тамылжыта әңгімелеуімен қатар аралап көрсетті.

%d0%b0%d1%80%d0%b4%d0%b0%d0%b3%d0%b5%d1%80%d0%bb%d0%b5%d1%80-%d0%b6%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d2%9b-%d3%a9%d0%b7%d0%b5%d0%bd%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d0%b3%d1%96-%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d3%a9%d1%81 Алдымен Жайық өзеніндегі бекіре тұқымдас балық өсірумен айналысуды бастаған «Луговский жылқы зауыты» ЖШС деп аталатын мекеменің өндірісін аралады. Мұнда ашық аспан астында Жайық өзенінің аралды жарып өтіп ағып жатқан екінші бір арнасына балық шаруашылығы орналасқан. Беріктігі мықты торлар суға салынып, осында мыңдаған шабақтар жіберілген. Табиғи суда, қажетті жеммен бапталған олар өнімділігін көрсетуде. Осы торларда табиғи күтіммен 40мың тауарлы бекіре шабақтары өсіріліп, өндірілуде. Олардан келесі көктем аяғында қара уылдырық алынып, бағалы өнім халық дастарханына жол тартады.  Серіктестік директоры Ә. Шаудановтың балық саласында мол тәжірибесі бар. Ұзақ жылдар «Атыраубалық» АҚ-да тете президент болып еңбек еткен, білікті маман. Қазір зейнет жасында болса да қарап отырмай осы жаңа жобаны қолға алып, жас балықшыларды шаруа жайына үйретіп, заманауи әдістердің жүзеге асуына бастап жүр.

%d0%b6%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0-%d0%ba%d0%b5%d0%bc%d0%b5%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d1%81%d0%b5%d1%80%d1%83%d0%b5%d0%bd

Келесі аялдаған жер «Атырау АгроФеликс» ЖШС жаңарған, танымал шаруашылық. Шаруақор Енисей Феликсович Юн егін егумен бастаған қожалығын бүгінде ұлғайтып, өндірісті кешенге айналдырған. Өз шикізаттарын дайын тамақ өнімдеріне айналдырып, көкөністің түр-түрінен пластикалық ыдыстарға жабылған салаттар мен әйнек құтыларға салынған тұздалған, маринадталған қызанақ, қияр, қырыққабат, өзге  де бақша дақылдарын күн сайын дүкендерге жөнелтіп жатады. «Даму» қорының игілігін сауатты пайдалана білген шаруқордың кешенімен танысқан ардагерлер ойларына айтар пікір түйді. Оралған соң өз облыстарының жастарына жол көрсетер жаңалықтарды қойын дәптерлеріне жазып алып жатты. Осы жерде қала маңындағы бірнеше шаруашылықтың өнімдері қойылған көрмені тамашалап, өнімдерінен дәм татты. Олардың ішінде «Амангелді өндірістік кооперативінің» балық өнімдері, «Сарайшық» ешкі фермасының сүт тағамдары, «Бірінші мамыр» сиыр өсіру кешенінің айран, қаймақ, құрты, «Алмалы құс», «АтырауБөдене» ЖШС-терінің жұмыртқа тауарлары, Карат және АсылАгро кәсіпорындарының құтыдағы ет, өзге де ет өнімдері қойылған. Осы жүзеге асқан шаруашылықтарға кезінде бастаушы болған, қолдау көрсеткен Бақтықожа Салахатдинұлына, толық қуатына жетуіне істі бақылап, жалғастырып жатқан облыс әкімі Нұрлан Асқарұлына таныстырып, әңгімелегендері үшін ақсақалдар риза болды.

%d0%b6%d0%b5%d2%a3%d1%96%d1%81-%d0%bf%d0%b0%d1%80%d0%ba%d1%96

Келесі аралаған «Caspiy Lana Atyrau» ЖШС-гі еліміздегі бірегей фабрика. Мұнда түйе және қой жүні өңделеді. Қонақтар жүнді жуу, кептіру, бояп, иіру және тоқу цехтарын аралай жүріп, тамсана қараумен болды. Тоқыма машиналарынан төгіліп шығып жатқан әдемі өрнекті маталардан экологиялық таза, табиғи жамылғылар жасалуда. «Жергілікті шикізат көзін тиімді пайдалану деген осы емес пе?!» — деп Қызылорда облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов өз ойын айтты.

-Атырауда заман көшіне ілесу, ілгері даму бар. Әлемдік деңгейдегі озық инновациялық жетістіктерді шаруашылыққа енгізуге деген құлшыныс байқалады. Игілікті жұмыстар атқарылғаны көрініп тұр. Мал өсірудің қадірін білетін халықпыз, ата-бабамыздың өнерін заманауи әдіспен жүзеге асырып, жас ұрпаққа жол көрсете білген дұрыс іс жолға қойылыпты. Дүкенде сатылатын тамағың мен тұрмыстық бұйымдарың өз жеріңде жергілікті жұмыс қолымен өз шикізатыңнан жасалып, табиғи, балғын күйінде дастарқаныңа, тұрмысыңа жеткізіліп жатса, байлық деген осы ғой деген ақсақал сөзінде ақ пейіл, ақ ниет бар. Ардагерлер осындай фабрика елімізде көбейе берсін деген тілек тіледі.                     

                                 Ақылды қария – ағынды дария

Атырауға жиналған ардагерлер көргендерін ортаға салып, өзара пікірлесіп жатты.  Республикалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің Атырауды басқарған жылдарында атқарған 1жұмыстарын көріп, оң бағаларын берді. Енді сол жұмыстарды ілгері жалғаған қазіргі облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың жұмыстарына сәттілік тіледі. Ел басқарған азаматтардың осылайша жақсы жақтарымен танылып, артында бағасын халық берер жақсы іс қалдыруын баршаға өнеге, үлгі болар жұмыс десті. Береке бірлік – ынтымақта, басшы азамат ажары – халқының қамын ойлауында, олай болса барды бар, жоқты жоқ дейтін сәтте шындықтың шырайын келтіріп, көргенімізді өнеге етіп айтып барамыз жерлестерімізге, мұндағы дамуды жастарымыздың білуі керек, олар да осылайша жаңаруға, еңбекке қадамды үйренсін десті ардагерлер.  

Парламент Мәжілісі депутаты, генерал-лейтенант Абай Тасболатов былай деді.

-Атырау қазыналы өлке, мұнайы мен балығы бар. Сол қазынаны ұрпақ игере бастады. Мұнайдың арқасында %d0%bd-%d1%88%d0%b0%d0%b9%d2%9b%d2%b1%d1%82%d0%b4%d1%96%d0%bd%d0%be%d0%b2-%d0%b0-%d1%82%d0%b0%d1%81%d0%b1%d0%be%d0%bb%d0%b0%d1%82%d0%be%d0%b2-%d2%9b-%d1%80%d0%b8%d0%b7%d1%83%d0%b0%d0%bd%d0%be%d0%b2ауыл шаруашылығын да дамытар кезең басталған екен. Аймақта агрокешен қарышты қадаммен дами бастағаны қуантады. Бұрын Атырау тауарлы өнімді сырттан тасымалдайтын болса, енді өз өнімдерін өздері жасап, өндеуде. Облыс өзін ауылшаруашылығы өнімдерімен 80 пайызға қамтамасыз етіп отыр деп таныстық. Бұл жетістікке өзге де жұмыс жасап тұрған жаңа зауыттар мен фабрикаларды қосыңыз. Атыраудың әлеуеті артып келеді. Бұл Қазақстанның, еліміздің қуаты күшейе түскенін танытады. Индустриялды- инновациялық үдемелі дамудың осы жобаларын жүзеге асырып жатқан атыраулықтардың өнегесін жерлестеріме, барған жерлеріме айта жүретін боламын.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, құрметті ардагер-ұстаз, танымал журналист Сәуле Мешітбайқызы сүйсінген көңілін тебірене жеткізді.

— Мен соңғы алты жыл бойы осы Атырау облысына «Қазақстан -Zaman» газетінің редакциясы және «Нұр %d1%81-%d0%bc%d0%b5%d1%88%d1%96%d1%82%d0%b1%d0%b0%d0%b9Отан» партиясымен, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе ұйымдастырып келе жатқан «Ауыл» экспедициясымен келіп, аралап, мұндағы алыс аудандардың тұрмыс тіршілігімен танысып жүрмін. Аз ғана жылдарда өзгеріс жедел жүруде. Атырау халқы бастарына түскен салмаққа майысса да сынбайтын, отаншылдыға жоғары, рухы биік жандар. Заман көшіне ілесе біледі. Бақтықожа Салахатдинұлы ауыл шаруашылығына жаңа леп әкелді, көп бастамаларды жүзеге асырды. Оны көріп келеміз. Осындай жаңалықтарды өзге облыстарға таратып, газет бетінде жазып жариялап та жүрміз. Бүгінгі көргеніміз тіпті керемет, ризалығымызда шек жоқ. Жастар еңбектен бас алмай, осы кәсіптерді жүзеге асырып жатса, жат ағымдарға бастарын да бұрмас еді. Осы даму жұмыстарын насихаттап, таратуымыз керек.

Ал Оңтүстік Қазақстан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов та мұндағы атқарылып жатқан жұмыстарға тәнті екенін білдірді.

-Атырау көркейіп, орта және шағын бизнес дамып, алға озғанын көріп, қуандық. Төрт құбыламыз түгенделсе, өркен жайып, озық елдер қатарына қосылсақ, еліміздің қуаты кемелденіп, бақуатты мемлекет атансақ – бақыт деген сол. Ұлан байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналсақ та бір- бірімізді анық түсініп, ортақ мүдде жолында бір шешімге тоқтап отырмыз. Ол – ата-бабамыз қалдырған осы ұлы даламыздың қазіргі халқымыз тұғырын бекіткен тәуелсіздігін мәңгілік сақтау жолында аянбай қызмет ету. Елбасының сарабдал саясатын ұрпақтарымыздың бойына жоғары саналылықпен ұялату үшін тәрбие жұмыстарына белсене араласу. Осы Атырау жерінен көрген ерен еңбек көріністерін, қонақжайлылық пен бауырмалдықты, татулық пен бірлікті айналамызға насихаттап, жас буынға жеткізу үшін қариялар, ардагерлер білек сыбана кіріскеніміз жөн. Тарихты, өнерді, тәрбиені, тәлімді, салт-дәстүрді, өнегені біз ақсақалдар айналамызға айтып қана қоймай, ата-ана мен ұстаздарға көмекші бола білейік. Қол қусырып, босқа отырған қария болмасын, ел болашағы жолында өз тәжірибемізді ортаға салып, жастар тәрбиесіне араласайық. Атыраудан көрген ұлағатымыздың жалғасы өз облыстарымыздағы халықпен кездесулер өткізуге ұлассын. Жақсы істің насихатшысы бола білейік.

               Ағадан – ақыл, атадан – нақыл

Келесі күні ардагерлер Атырау қаласындағы Жеңіс саябағында болып,  Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтар рухына бас иді. Мәңгілік алау жанында Отан қорғау жолында ұрыс даласында өз өмірлерін қиған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен тұрып, еске алды. Гүл дестелері мен гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ 1936-1938 жылдардағы сталиндік саяси қуғын-сүргін құрбандарының, Ауған соғысына қатысып, өздерінің интернационалдық борышын өтеу кезінде қаза тапқан жауынгердің рухына да  тағзым етіп, оларға арналған осындағы ескерткішке гүл қойды.    

%d0%b3%d2%af%d0%bb-%d2%9b%d0%be%d1%8e

Ардагерлердің республикалық семинары Салтанат сарайындағы кеңес отырысына жалғасты. «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу, қарсы іс-қимыл жасау, анықтау, жолын кесу – адамның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы семинарды Ардагерлер орталық кеңесінің төрағасы Б.Ізмұхамбетов ашты. Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша әңгімеледі. «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу, қарсы іс-қимыл жасау, анықтау, жолын кесу – адамның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» туралы Орталық кеңестің төрағасы Б.Ізмұхамбетов баяндама жасады.

%d0%b6%d0%b5%d2%a3%d1%96%d1%81-%d0%bf%d0%b0%d1%80%d0%ba%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5

— Өткен жылдың қыркүйек айында БҰҰ сессиясында ҚР президенті Н.Назарбаев терроризм мен экстремизмге қарсы халықаралық заң базасын күшейтуді ұсынды. Қазір Парламентте ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралуда. .. Соңғы бес жылда елімізде 445 террорист сотталды, 64 экстремистік акция қауіпсіздендірілді. Ақтөбе, Алматы қалаларында болған, 2012 жылы Атырау қаласының «Көктем» мөлтек ауданында, Құлсары қаласындағы жағдайлар елдегі тарап, қалыптасып бара жатқан қауіпті әбден көрсетті.

Тағы бір алаңдататын жағдай кейбір өнер саласындағы адамдардың, әдебиетшілердің, спортшыларымыздың дәстүрлі емес діни бағытқа бет бұруы.

Радикализмге бет бұрған қатыгез жастардың қалыптасуы, олардың жихадқа еліктеуі аса алаңдататын жағдай.

Осылай деген баяндамашы мұның себептеріне тоқталды. Ата-ана, мектеп, оқу орындары мен қоғамдық ұйымдардың рөлін айтты. Тәрбие жұмыстарын қалай жүргізу керектігіне бағыт бағдар берді. Әлеуметтік жағдайларды, діни сауатсыздықты саралады. Жастарды ұлтжандылық пен білімпаздыққа тәрбиелеу жолындағы ардагерлердің орталық Кеңесі атқарып отырған жұмыстарды баяндады. «Еліміздегі ең үлкен қоғамдық ұйым Қазақстанның орталық қоғамдық ардагерлер ұйымы елдің тыныштығы мен мемлекеттік қауіпсіздік үшін айналамызға әр қайысымыз өзіміз жүрген ортаға өз дәрежемізде ықпал етуіміз керек» деп аяқтады баяндамасын Бақтықожа Салахатдинұлы.

Тақырып бойынша сөйлегендер өз облыстарындағы жағдайларға тоқталып, келелі ойларын ортаға салды. Алматы қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы, академик А.Шәйқұтдінов:

— Бүгінгі кейбір ақпарат құралдары өсек айтуды дәстүр етіп алды. Жас та, кәрі де не жамандық айтар екен деп құлақ түретін болды. Жас ұрпақты адал іс істеуге емес, арамдық ойлауға үйретіп, дағдыландыруда. Өлтіріпті тонапты, өртепті т.б. Оған жаңалықтар деп ат береді. Бұл жаңалық емес, жамандық. Мұндай ақпарат намыс пен арды оятпайды.

Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Бірмәнов:

%d0%ba-%d0%b1%d1%80%d0%bc%d3%99%d0%bd%d0%be%d0%b2 Бізде тіркеліп отырған барлық жамандықтардың негізі жұмыссыздықтан болып отырғаны белгілі. Еліміздің Бас прокурорының айтуы бойынша 2015 жылы қылмыс жасағандардың 84 % тұрақты табысы жоқ жандар екен. Ал биылғы жыл басынан бері тіркелген қылмыстардың да 83% жұмыссыздарды еншісінде. Біздің облыста да бұл көрсеткіш осы деңгейде. Осыған байланысты ауыл, село тұрғындарымен кездесіп, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, еңбекке, өз ісін ашуға үйрету жұмыстарын жүргізудеміз.

Павлодар облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шөкеев:

Қазіргі кезде облысымызда терроризм мен экстремизмге қарсы шаралар нәтижесінде үш ауысымдық тәртіпте 350 құқық қорғаушылар мен  әскери бөлімнің қызметкерлері күн сайын тыныштықты бақылауда. Сол сияқты бақылау пункттері мен мекемелерде видеокамера-домофондар қойылған. Осындай күрделі кезеңде өмірден көргені мен білгені мол қарттарымыздың атқарар міндеті зор. Олар келешек ұрпақты тәрбиелеуге атсалысып, тағылымдарын айтады, өмір тәжірибелерімен бөліседі.

Қарағанды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Төреғожин:

Үстіміздегі жылдың сегіз айы ішінде ақпараттық түсіндіруші топтармен 1500 кездесу, әңгіме жасалып, оған 286 мың адам қамтылды. Олардың әрбір екіншісі – жастар мен жасөспірімдер.

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Б.Мансұров:

Ислам сөзі бейбітшілік, амандық деген мағынаны білдіреді. Ендеше, қашан да елдігінің баянды болуын %d1%81%d0%b5%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b0%d1%80%d2%93%d0%b0-%d2%9b%d0%b0%d1%82%d1%8b%d1%81%d1%83%d1%88%d1%8b%d0%bb%d0%b0%d1%80тілеген ұлтымыздың ертеңі үшін мұсылмандық өмір салты — руханиятымыздың діңгегі. Осы орайда ҚМДБ еліміз тәуелсіздік алғалы бері уағыз-насихат; оқу-ағарту; қайырымдылық; теріс ағыммен жұмыс; жастармен жұмыс бағыттары бойынша қазақ жерінде Ислам дінінің кең қанат жайып, ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етуде. Бұл ретте Атырау облысы басшылығы да дін саласына ерекше назар аударып, дінтанушы-теолог маман тарту ісіне айырықша көңіл бөлуде. Аллаға шүкір, қазіргі таңда облыста діни ахуал тұрақты. Облысымызда 29 мешіт және онда 55-тен астам маман жұмыс жасауда. Сондай-ақ, кадр дайындау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Қазіргі таңда 26 студентіміз еліміздегі дін саласы мамандарын дайындайтын университеттерде, 30-ға жуық шәкіртіміз медреселерде білім алуда. Сонымен қатар, 2 шәкіртіміз Түркия мемлекеті, Хасеки академиялық институтында білім жетілдіру үстінде.

Исатай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қадимов:

Сайып келгенде ел қауіпсіздігі саласында бәріміз бірдей жұмылып, арнайы қызмет мамандарымен бірлесе жұмыстарымызды жалғастырамыз. Бүгінгі алқалы жиында айтылған ұсыныс, пікірлерді жүзеге асырып, қолдауға бар білім, тәжірибемізді жұмсаймыз. Жастар тәрбиесіне, Елбасы саясатын қолдауға күш, жігерімізді жұмылдыра беретін боламыз.

Семинар аяқтала келе Бақтықожа Салахатдинұлы Республикалық ардагерлер орталық кеңесі атынан Атырау облысы әкімі Н.Ноғаев пен Мақат аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халеловті төсбелгімен марапаттап,  ардагерлер Қ. Ырзағалиевке, М.Қаринге, Қ.Оңғарсыновқа Құрмет грамота мен Алғыс хаттартапсырды. Семинар-кеңес аяқталған соң ардагерлер Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде ұйымдастырылған «Кемел елдің кемеңгер қаламгері» атты халық жазушысы Әбіш Кекілбаевқа арналған әдеби-өнер кешіне қатысты.

ТҮЙІН

            Ия, қадірлі оқырман, семинар-кеңестің қалай өткізіліп жүргенінен хабардар болдыңыз. Ең бастысы семинар-кеңестің тек облысқа ғана емес,халқымызға қажетті көптеген келелі  көкейтесті мәселелермен айшықталғанын, ғибратқа, өнегеге, ақыл-кеңеске толы, өте пайдалы, толғақты жиын болғанын бағамдағандаймыз. Әсіресе қарттарымыздың жастар мен жасөспірімдермен кездесулеріндегі әсерлі әңгімелері қандай тамаша. Сондай-ақ Атырау өңіріндегі ауыл шаруашылығы саласында, енді жүзеге асып жатқа игі жобалары, толағай жетістіктері өзге облыстарға үлгі-өнеге болатындай. Ардагерлер Атырау өңірінің көркейгенін, орта және шағын бизнестің өркен жайып дамып келе жатқанына риза болысты. Елбасымыздың өзі қазір осы ауыл шаруашылығы саласына жете көңіл бөліп отырғандығын сіздер жақсы білесіздер. Биыл да газетіміздің «Нұр Отан» партиясы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлескен «Ауыл» экспедициясы бүкіл облыстарды аралап жүргендігінен хабардарсыздар. Осы жиынға арнайы шақырылған экспедициямыздың жетекшісі газетіміздің директорының бірінші орынбасары, белгілі қоғам қайраткері Сәуле Мешітбайқызы мен оның мүшелері ардагерлермен арнайы кездесу өткізгенін айта кеткеніміз жөн сияқты. Әрине, семинар — кеңестің бас тақырыбы аясындағы ардагерлеріміздің көтерген, шегедей етіп қойған келелі де ауқымды мәселелері де, пікір өрбіткендері де көңіл аударарлық. Жиынға қатысушылар да, біз де осындай пайдалы жиындардың алдағы уақытта да жиі өткізілу қажеттігін сезіндік. Ел тыныштығы мен ынтымақ бірлігін көксеген қазыналы қарттарымызды бір уақыт тыңдап, олардың дана пікірлеріне ден қойып, ол мәселелерді өмірде жүзеге асырып отырсақ, нұр үстіне нұр болар еді.

                                                                                    Светлана Муньянова