ҚАРТЫН СЫЙЛАҒАН ЕЛДЕ ҚАСИЕТ БАР
Біз бүгін қаншалықты аяқты алшаң басып, арқаны кеңге салып жүрсек мұның бәрі әуелі Алланың бұйырмысы, содан соң бүгінде құрметті еңбек демалысына шығып отырған аға буын өкілдерінің қажырлы еңбегінің жемісі. Қазақта «Алдыңғы арба қайда жүрсе, соңғы арба сонда жүреді» деген аталы сөз бар. Қазақ жұрты қашан да қариясын қазынам деп танып, үлкенін сыйлай білген халық.
Осы орайда бүгін аудан әкімі Сакен Мамытов жаңа жыл мерекесімен ғасыр жасаған әжеден бастап, ауданымыздың бірқатар ардагерлерін арнайы құттықтап үйлеріне кіріп шықты.
Аудан басшысының ізгі ниетіне қарияларымыз алғыстарын айтып, батасын берді.
Ұлбике Әлібекқызы , Сарысу аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы