Қарудан қауіптенбейтін Жапония

Таяуда АҚШ- нда туылған қанды оқиға халықараны дүр сілкіндірді. Лас-Вегастағы жауыздықтың жай-жапсарын зерттеп жатқан АҚШ федералдық тергеу бюросы (FBI) мен полиция органдары, қандықолдың мұндай қылмысқа қалай барғандығын зерттеумен айналысып жатыр. Оқыс оқиға туыла салысымен-ақ «ИМ» лаңкестері терактыны өз мойындарына алды», «қандықол таяуда ғана ислам дінін қабылдаған екен» сияқты дақпырттардың барлығы  FBI жағынан теріске шығарылды. Дегенмен қандықолдың жазықсыз жандарға шабуыл жасауға қалайша барғандығы туралы нақты деректер әлі табылмай жатыр. Осы оқиғадан кейін кейбір халықаралық БАҚ-беттерінде «азаматтардың қару ұстау еркіндігі» туралы мақалалар бой көрсете бастады. Дегенмен әлем жаңалықтарына назар салып отыратын адамдарға мұндай пікірлер таңсық та емес. Арысын айтпағанда 2016 жылдың 18 шілдесінде Мюньхенде туылған қанды оқиға көпшіліктің есінен кете қойған жоқ. Сол кезде Германиялық саясаткерлер «от қаруларды пайдалану туралы қатал заңдарының болғанына қарамастан, арт-артынан туылып жатқан кісі өліміне басты себепкер-мылтық екендігіне» ашына отырып, «заңды тіпті де қатайту мен қоса Германиядан шетелдерге экспортталатын автоматтарды да тізгідеу керектігін» ортаға қойып еді. Онан бері де дүниенің төрт бұрышында қорғасын оқтың құрбаны болған талай адам бақиға аттанды. Соның ішінде былайғы жұрт «демократиның бесігінде тербеліп, зайырлы әрі еркін қоғамда бақыттан бастары айналып өмір сүріп жатыр» деп тұспалдайтын азуы алты қарыс АҚШ-тың тарихындағы ең ірі қанды оқиға Лас-Вегастағы теракты еді. Оқиғаның не себепті жасалғандығы туралы зерттеулердің қортындысы да алдағы уақыта белгілі болар. Қазір көптеген адамдар халқы бейбіт те тыныш өмір сүріп жатқан елдерге қызыға бастағандай. Сондай елдердің көш басында күн шығыс елі Жапонияның орны алабөтен екен. Яғни Жапон елінде «оққа ұшатын адам» жоқтың қасы… Осының бір мысалы 2014 жылы Жапонияда 6 адам қорғасын оқтан құрбан болса, АҚШ- та 33599 адам от қарудан өлім құшыпты. Әлемді өзінің қуатты экономикасы мен одамыған ғылым-техникасымен таңғалдырудан жалықпайтын жапондар, өз халқының қауіпсіздігі саласында да әлемге үлгі екен. Оған дәлел сенімді ақпарат көздеріндегі сандық мәліметтер. Сонымен Жапонияда азаматтардың мылтық ұстауына заң қаншалық жол береді, жалпы барысы қандай?- деген сұрақтарға бізде үңіліп көрдік.

Жапония азаматтары қару ұстауға рұқсат алу үшін ең әуелі арнаулы лекцяларға қатысып, жазбаша емтиханнан өтуі тиіс екен. Сосын нысана көздеуден де сынақ тапсыруы міндетті, оның да талабы оңай емес, атқан оғыңыздың дөп тигізу мөлшері 95 пайыздан кем болмауы тиіс. Өтініш берушінің жүйкесінің ақаусыздығы мен есірткі тұтынбайтындығы арнаулы мамандардың тексеруінен өтеді. Бұдан соң ішкі істер органдары мылтық ұстауға ниетті адамның лаңкестік топтармен байланысы бар-жоқтығын да мұқият тексереді екен, бұл тексерулерден азаматтың туыс-туған, дос-жарандары, қызмет істеген мекемелеріндегі әріптестері де қағыс қалмайды. Сондай қатаң өткелдерден өтіп барып алатын мылтық- тек аң мылтығы мен газ мылтық сынды екі-ақ түрлі қару болмақ. Қазіргі таңда Жапонияда 3 орында ғана қмылтық сататын дүкен бар көрінеді. Қолында қару ұстауға рұқсат куәлігі бар адам осы дүкендерден ғана оқ сатып ала-алады. Ол үшін міндетті түрде қолданған оғының клипін көрсетуі тиіс. Ал мылтық ұстауға берілетін куәліктің жарамдылық мерзімі 3 жыл болып, оны қайталай жаңарту үшін жоғарыда айтылған сынақтар мен емтихандарды қайта басынан басауына тура келеді. Сондай-ақ мылтық пен оқ-дәрілердің отбасындағы сақталатын орындары міндетті түрде берік құлыпталатын орында сақатлумен қоса, политция ол орынды білуі тиіс. Ішкі істер органдарында, қару ұстауға берілген рұқсатнаманың күшін жоятын немесе, қаруды қайтарып алатын құқы бар. Ел азаматтарының мылтық ұстау еркіндігін қамтамасыз ететін бұл заң тармақтары 1958 жылы қолданысқа енгізілген екен.

Бұл Жапонияда оқтан өлетін адамдардың аз болуына айтарлықтай ықпал етіп отырғаны сөзсіз. «Әлемдегі ең кемелді заңдары, ел азаматтары үшін жұмыс істейтін» АҚШ- мұнымен салыстырғанда мүлде керісінше. Ал шығыстағы көршіміз Қытай елінде қарапайым азаматтардың қару ұстауына қатаң тиым салынғанымен, бейресми дереккөздер, олардың да  мұндай келеңсіздіктерден аулақ еместігін айтып жататыны бар. Жапон елінің тәжірибесі мүмкін Қазақстанға да үлгі болар. Себебі біздің елде де ара-тұра мылтық үні шығып жататыны жасырын емес….

 

Ерқазы Сейтқали