ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР СЕРІК ТОМАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КЕШ ӨТТІ

Талас өңірінің дарынды перзентінің бірі қарымды қаламгер, сыршыл ақын Серік Томановты еске алуға арналған «Өмірі қысқа, өлеңі өміршең, Таластың сері Серігі…!» атты кеш өтті.
Еске алу кешіне Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қ.Р Жазушылар Одағының мүшесі, Талас ауданының құрметті азаматы Көсемәлі Сәттібайұлы,
Серік ағамыздың жары Бибігүл Оразбаева, айтыскер ақын Шорабек Айдаров, ақын, «Мерзім» газетінің бас редакторы Азамат Есалыұлы, композитор Сәрсенбек Бәкір қатысып естеліктерімен бөлісті.
Тамабек ауылының төрінде өткен еске алу кешінде орта мектептің оқушылары ақын өлеңін мәнерлеп оқып, арнайы дипломдармен марапатталды.
Серіктің жыры күшті жыр. Сондықтанда ол-ер ақын,ерен ақын,ерекше ақын.Ер ақын дейтініміз ол шындықты бүкпесіз бетке айтады. Ерен ақын деуіміз: сөзі шырайлы, тілі қарапайым тың өлеңдер жазды. Ерекше ақын дейтініміз:ол ер және ерен ақын болғандықтан да ерекше. Ақынның өмірі кейінгі ұрпаққа өнеге, өнері үлгі ретінде мәңгі жасап, аласармай биіктей беретіні хақ!
Талас ауданы