Қарыз алушы мен беруші нені білуі керек?
Кей кездері материалдық тұрғыдан қиналған сәттерімізде жақындарымыздан, достарымыздан қарыз алып жататын кездеріміз болады. Кейде өзіміз де қарыз береміз. Дінімізде қарыз алу мен беру – жауапкершілікті талап ететін дүние болып есептеледі. Қарыз алудың да, берудің де өзіндік ережелері мен әдептері бар. Ендеше біле жүріңіз.
Қарыз беруші:
- Ол ақшаның немесе заттың жаман істерге, яғни ішімдік, құмар ойындары және
тағы басқаларына жұмсалатынын біле тұра беруге болмайды.
- Ақшаңыз бар болса біреу сізден отбасын асырау үшін, қиын жағдайға тап болғанда
сұрап келсе міндетті түрде беріңіз.
- Ақшаны пайызға беруге тыйым салынады.
- Кейін қиындық туындамау үшін куәгерлер болғаны дұрыс. Егер сома қомақты
Болса, нотариус көмегіне жүгінген артық етпейді.
- Қарыз берудегі бір ғана мақсат – шын ниетпен сол адамға көмектесу болуы керек.
- Қарызды кәмелетке толмағанға, балаларға және ақыл-есі кем адамдарға беруге
болмайды.
Қарыз алушы:
- Қарызды тек аса мұқтаж кезде ғана сұраған және ол ақша пайдалы істерге ғана
жұмсалуы тиіс.
- Қарызды қайтаратын күнді білмей тұрып «пәлен күні беремін» деп уәде бермеу
керек.
- Қарызды алғанда оны қайтара алатындай жұмысыңыз немесе басқалай кіріс көзіңіз
болуы тиіс.
- Қарызды келісілген уақытта, дәл сол соманы бір тиын да кем қылмай қайтару
керек.
- Қарыз алушы көмектескен адамға рахмет ретінде қарызынан бөлек сыйлық жасай
алады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қарыздарыңды әдемі қайтаруға тырысыңдар» деген.
- Қарыз алып, оны қайтармай қою – күнәға жатады. Оның жауабы өте ауыр болмақ.
Кешіктіру – зұлымдық жасаған болып есептеледі.