Қаржы министрі жалға пәтер беретіндер туралы айтты

Премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жалға пәтер беретін қазақстандықтарды «ашық» жұмыс істеуге шақырды.

Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берген Қаржы министрлігінің басшысы баспананы жалға беріп, табыс алатындар онсыз да салық төлеуі тиіс екенін атап өтті.

«Сондықтан, көші-қон полициясымен бірігіп, біріншіден, адамдарды «ашық» жұмыс істеуге шақырамыз және жұмыс істеп жатырмыз, адамдар өз кірісін, нақты қайда тіркелгенін және кім қанша пәтерді жалға беретінін жасырмауы үшін», — деді Жамаубаев.

Tengrinews.kz