Қаржы пирамидасынан сақ болыңыз!

Сіздің ұялы телефоныңызға осы уақытқа дейін: «Тез байығыңыз келе ме?», «Миллион алу үшін бірді басыңыз», «Қолыңыздағы аз ақшаны бірнеше есе көбейтіп береміз», «Көп қаржыға кенелгіңіз келсе, сауалнаманы толтырыңыз» деген секілді хабарламалар түскен болуы мүмкін.

О с ы н д а й ж а л ғ а н а қ п а р ат т а рд ы ң же л еу і м е н бел г ісіз бір комп ан и я н ың қ о р ы н а , ш о т ы н а қ а р а ж ат салып, нәтижесінде сан соғып қалған жандар уақыт өткен сайын көбейіп барады. Дәл осындай ашық заманда мұндай компаниялардың арбауына алданып қалған жандардың бұл іс-әрекеті барып тұрған ақымақтық дер едік. Қазір тегіннен-тегін ақшаны біреу бере ме?! Барлық байлық маңдай терімен, еселі еңбекпен келеді емес пе?!

Бірақ, қаржылық пирамидалар да адамның ішкі сеніміне кірудің небір айла-тәсілін меңгеріп алған. Сөйлесу барысында ішкі психологиялық ахуалын өзіне бейімдеп алатын алаяқтардың қомақты қаражатты қалайша иемденіп кеткенін сіз де, біз де аңғара алмай қаламыз.

Дана халқымызда «Қасқыр қарызын терісімен төлейді» деген сөз бар. Кейде осы бір сүбелі сөз кейінгі буынды үлкен қателіктердің алдын алуға арналғандай көрінеді. Алайда, алғашқы әрекеттерін ХVIII ғасырдан бастаған қаржылық пирамидалар ХХІ ғасырда халқымыздың табалдырығынан аттап, төрімізден орын алғандай. Ұзақ уақытқа созылатын кесел секілді бұл түйткілді мәселеден әлі күнге дейін арыла алмай келеміз. Түрлі экономикалық д а ғ д а р ы с п е н қ а р ж ы л ы қ қ и ы н ш ы л ы қ с а л д а р ы н а н туындаған «Аяқ асты байып кетемін-ау» деген алдамшы арман талай жұртқа мәселе болғаны жасырын емес. Оңай ақшаның буына көзі байланған адамның тез байып кетудің жолында ешт е ң ед е н т а й ы н б а й т ы н ы мәлім. Сондықтан, оларды қ а р ж ы л ы қ п и р а м и д а л а р тез әрі оңай өз ырықтарына түсіреді. Міне, осындай бағытта жұмыс жүргізетін қаржылық пирамидалардың негізгі мақсаты – алаяқтық жасап, ақша табу. Бір сөзбен айтқанда, қаржылық пирамида – қалтаға қалың қаржыны түсірудің бірнеше жолын меңгерген айлакерлердің табыс көзі, кәсібі. Мұны біз түсінуіміз керек. Алаяқтар инвестициялық пирамиданы уақыт бедеріне қарай бейімдеп түрлендіріп келеді. Әйт с е де өзгермейтін бір жүйесі – көпшілікті құрғақ уәдесіне сендіріп, қолындағы қаржысын қымқырып кету.

Жоғарыда атап өткеніміздей, б ү г і н г і к ү н і қ а р ж ы л ы қ п и р а м и д а л а р ж ү р г і з е т і н ж ұ м ы с т ы ң б а с ы м б ө л і г і әлеуметтік желілерде болатыны белгілі. Әлеуметтік желіні қ о л д а н а т ы н а д а м д а р д ы ң к ө п ш і л і г і о л ж е р д е г і жарнамаларға көзі түсетіні айдан анық. Жарнамалардағы қомақты қаражат, жеңіл ақша, оңай жұмыс секілді дүниелер адамдарды бірден елең еткізіп, ондағы мәселені көруге асығады. Ішкі психологиялық ахуалының сол жағдайға тап келуі оны ең соңында қаржылық пирамидадан бір-ақ шығарады.

Қаржылық пирамидалар адамға жеңіл ақша табудың жолын көрсетуге шақырады. Бүгінгі күні белең алып кеткен бұл мәселе қоғамдық деңгейде үлкен кеселге айналды. Адамдар а р а с ы н д а ғ ы а л ау ы з д ы қ қ а жол ашып, сенімге селкеу түсірген де о сы қаржылық пирамидалар. Сондықтан, оңай олжа табу жолында қаржылық пирамидалардың құрбанына айналып кетпеуіміз керек.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,Ақ жол