Қашан қазақ боламыз?
Түркияда түріктер, Қазақстанда Қазақтар шамамен 75 %
Ал енді:
— Түркияда түріктер бір-бірімен ТЕК Түрік тілінде, жергілікті басқа ұлттар түріктермен ТЕК түрік тілінде сөйлейді.
— Қазақстанда Қазақтар бір-бірімен ТЕК көрші тілінде, жергілікті басқа ұлттар Қазақтармен ТЕК көрші тілінде сөйлейді.
Ал талап етсең ұлттық аразды қоздырушы боласын.
— Түркияда түріктер ТЕК Түрік әндерін тыңдайды, айтады, түрікше билейді, басқалары қосыла кетеді.
— Қазақстанда Қазақтар ТЕК көрші әндерін тыңдайды, айтады, билейді, басқалары қосылмайды, бір-түрлі көзімен қарайды.
— Түркияда туристтар жүрген жерде бәрі ағылшынша біледі,
— Қазақстанда туристтар жүрген де, жүрмеген жерде де бәрі көрші тілді біледі.
— Қазақстанда қызмет көрсететін жерде Қазақша неге сөйлемейсін десең не «Я не Қазақ» немесе «Какая разниса» дейді. Ал күәгер Өз толераст Қазағың саған бас шапады.
— Түркияда жан-жағыңда қып-қызыл Түрік туы,
— Қазақстанда аспандай Көк өз туыңды ілсең — айып төлейсін.
Неге осындаймыз?
Қашан өзгереміз?