ҚАСИЕТТІ АЙДА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ
ҚАСИЕТТІ АЙДА АУЫЗАШАР БЕРІЛДІ
Қасиетті Рамазан айында аудан орталығындағы Төле би мешітінде аудан жұртшылығына арнап ауызашар берілді. Бұл дәстүрлі дастарханға аудан имамдары, ардагерлер, әр салада еңбек етіп жүрген аудан азаматтары қатысты.
Ауызашарда ауданның бас имамы мен ақсақалдар ауыз бекіткен жандарды қасиетті аймен құттықтап, бес парыздың бірін өтеп жатқан қауымға «ниеттеріңіз қабыл болсын» деп игі тілегін білдіріп, осындай игілікті істің маңыздылығын жеткізді.
Имандылық үйіндегі берекелі дастарханның соңында аудан ақсақалдары қазақы салтқа сай жарапазан айтып, қазыналы қариялар елімізге береке-бірлік тілеп, бата қайырды.
Шу ауданы әкімдігі