Қасиетті жұма күні берілген Зекет!
Пайғамбарымыз айтады:
«Мал-мүліктеріңізді зекет берумен қорғаңдар, науқастарыңды садақа берумен емдеңдер, бәле-жалаға дұға жасаумен дайын болыңдар,» (Хадис)
Қасиетті жұма күні Жамбыл облысының бас имамы Асқар қажы Зәкірданұлы, «Rizyq-mubarak» қорының жетекшісі Ерлан Мирасбекұлымен бірге науқас жандардың шаңырағына арнайы барып, олардың хал-жағдайын сұрап, зиярат еттік!
Облыс бас имамымен бірге әрбір отбасыға 200 000 теңгеден, жалпы 600 000 теңге зекетке берілген ақшаны тарту еттік.
Тұрғындар жаны жомарт кәсіпкерлерге алғыс айтып, бас имам науқастардың дертіне шипа тіледі.
Біз осыған дейін 33 отбасыға зекеттен азық-түліктей берген болатынбыз!