«Кәсіпкер ана» жобасы: Әр ана өзін бақытты және еркін сезіне алады

Елорда тұрғындары жаңа мамандықтарды тегін онлайн-курстар арқылы игеруде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

 

Енді көп балалы және жалғызбасты аналар үйден шықпай-ақ, массажшы, фотограф және маникюр шеберлері сынды мамандықтарды игере алады. 17 сәуірде әйелдерге арналған «Кәсіпкер ана» кәсіпкерлік негіздерін үйрететін қашықтан оқыту курстары басталды. Үй шаруасындағы әйелдер арасында жүргізілген арнайы сауалнама ең танымал мамандықтарды анықтауға мүмкіндік берді. Сауалнама нәтижесінде аналар мына кәсіптерге дауыс берді: массажшы, маникюрші, фотограф, жаттықтырушы, психолог, аспаз, кондитер аспаз, СММ-маман, копирайтер, графикалық дизайнер. «Бұл жобаның басты артықшылығы – біздің студенттеріміз кез келген уақытта оқи алады. Мәселен, әйел баламен жүріп, уақыты болмаған жағдайда жіберілген тапсырманы кейін де көріп, бос уақытында таныса алады», – дейді онлайн оқыту әдіскері Андрей Федоров. Тегін онлайн-курсқа өтінішті көп балалы аналар, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар, сондай-ақ әлеуметтік көмек алып отырғандар бере алады. «Кәсіпкер ана» жобасын Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жүзеге асыруда. «Жобаға әйелдер тегін қатыса алады. Біз әкімдікке үлкен алғысымызды білдіреміз, себебі онлайн оқыту жобасының демеушілерін табуға көмектесті», – дейді «Кәсіпкер ана» жобасының кураторы Мадина Ыбыраева. Ботагөз Сұлтанова қарауында ерекше қажеттілікті балалары бар отбасылар мәселесімен айналысатын «Бақытты шаңырақ» қоғамының төрайымы.

 

 

«Көптеген ата-аналардың үйден жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ. Өйткені балалар үнемі назар аударуды және күтімді талап етеді. Ал ақша қажет: емделуге, тұрғын үйді жалға алуға. Сондықтан біз өткен жылы мамандық алу бойынша онлайн-курстар ұйымдастыру мәселесімен әкімдікке жүгіндік. Сол кезде «Кәсіпкер ана» жобасы туралы білдік. Мен көп балалы, жалғыз басты аналар курстарға баратынын көрдім», – дейді Б. Сұлтанова. «Біздің аналардың алға қойған жоспарлары ауқымды. Бұл курстар біз үшін үлкен перспективалар ашады», – дейді Б.Сұлтанова. Ботагөз жаттықтырушы-психолог мамандығын оқуды жоспарлап отыр. Оның құрбылары өздеріне шағын кәсіп ашуға мүмкіндік беретін тігінші, аспазшы, кондитер мамандығын таңдады. «Кәсіпкер ана» жобасының барлық курстары сұранысқа ие. Мен олардың жақсы өтетініне сенімдімін. Біздің аналар курстарды мүмкіндігінше тезірек бастап, сертификат алып, өз ісін ашуды қалайды. Өйткені әрбір ана өзіне сенімді болуы және өз өмірін өзгертуі, өзін бақытты сезінуі, осы өмірде өзін табуы тиіс», – дейді Ботагөз Сұлтанова. Қазіргі уақытта жобаға қатысуға 600-ге жуық аналар өтінім берген.