Кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынды
Қала күніне орай «Жастар» аллеясында мемлекет тарапынан қолдауға ие болып, кәсібін ашқан азаматтардың өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі өтті. Шараға 20-дан астам кәсіпкер өз өнімдерін ұсынды.
Жәрмеңкені аралаған қала әкімі Бақытжан Орынбеков кәсіп иелерімен тілдесті.
– Еліміз қашанда өз ісін бастаймын азаматтарға қолдау көрсетуге әзір. Бұл бағытта өңірімізде де көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның нәтижесіне бүгін куә болып отырмыз. Барлығыңызға еңбектеріңізге тек қана табыс тілеймін, – деді шаһар басшысы.
Шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.