«Кәсіпкерлік негіздері және жастарды кәсіпкерлікке баулу»
Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Жастар ресурстық орталығы ның ұйымдастыруымен №16 Жуалы колледжінде «Кәсіпкерлік негіздері және жастарды кәсіпкерлікке баулу» тақырыбында жастармен кәсіпкерлермен жастардың кездесу өткізілді. «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Жеңісбек Оразбақұлы және жеке кәсіпкер, «Олжа» сүт өнімдерін өндіретін заводтың директоры Жигитов Нұртас Жарылқасынұлы және Жеке кәсіпкер, «Ахмадбекова» құс шаруашылығының директоры Ахмадбекова Айнакул Жумабековна келіп қатысты. Жастарымызға ақыл-кеңестерімен кәсіп ашудағы еңбектерімен бөлісті.
Мақсаты: ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастарды кәсіпкерлікке тарту, білім алушыларға кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша білім беру, кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысаның , бизнесті ұйымдастыру.