КӘСІПКЕРЛІККЕ КЕҢ ӨРІС
Бизнес экономиканың қан тамыры секілді.
Кәсіпкерлік саласының өркендеуі халықтың әлеуметтік әлеуетінің артуына ықпал етеді.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударылатындығын айтқан болатын.
Бизнестің алға бастыруда нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламасының берері мол.
Бүгінде аталмыш бағдарлама аясында ауданда өз ісін дөңгелетіп әкеткен азаматтар жетерлік.
Елдегі кәсіпкерлік саласының кеңінен қанат жайып, өркендеуіне жеке кәсіпкерлердің қосқан үлесінің зор екендігі айтпаса да түсінікті.
Алдағы уақыттары шағын және орта кәсіпкерлік саласына қазіргі заманғы басқару әдістерін кеңінен енгізу жалғасын табады.
Осылайша елдің әлеуметтік-экономикалық саласы да жаңашыл бағытпен дами түсеріне сенім мол.
Тәуелсіздік алған жылдары кәсіпкерлік кең өріс алды.
Осының дәлелі іспеттес тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы тұсында бүгін Сарысу ауданында тағы бір дүкен есігін тұтынушыларға айқара ашты.
Нақтырақ айтсақ тұрмыстық техника сататын «Sulpak» дүкендер желісі еліміздегі ең ірі сауда маркасының бірі.
Аталған дүкен желісінің 159 нүктесі еліміздегі 79 елді мекендер мен қалаларда орналасқан.
Енді ауданымыздың орталығы Жаңатас қаласында да аталған дүкен ашылды.
Дүкенде 15 қала тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылды.
Бұл аудан халқының әлеуметтік экономикалық тұрғыдан дамып келе жатқандығын көрсетеді.
Мереке құрметіне ашылып отырған жаңа дүкенде 1 мыңға жуық тұрмыстық техникалар түрлерін сатылымға шығарады.
Дүкеннің ашылуында Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев сөз сөйлеп, мол табыс тілей отырып, бағаны себепсіз көтермеуді және халық игілігі үшін бірігіп жұмыс жасауды айтты.
Содан соң ардагерлер ақ батасын беріп, әжелеріміз шашуын шашты.
Дүкеннің иелері жақсылыққа жиналған халыққа алғысын білдіріп, еліміздің өркендеуіне үлес қосатындықтарын жеткізді.
Д.Үмбетиярова, Сарысу ауданы