Кәсіпкерлікті дамыту – экономикаға өріс
Орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту- еліміздегі басты саясаттардың бірі. Бүгінде бұл мақсатта лайықты жұмыстар атқарылуда. Ел тұрғындарының қалаған кәсібімен айналысуына мемлекет зор мүмкіндіктер туғызып отыр.
Сондай –ақ, азаматтардың өз кәсібін бастап, оның игеріп кетуіне де барынша жағдайлар жасалған. Мұндай жұмыстар Сарысу ауданында да тыңғылықты жүргізілуде.
Аудандағы атқарылып жатқан бұл іске жаңатастықтардың да қосып отырған үлесі аз емес.
Бүгінде мұндағы жұрт та мемлекетіміздің жасап отырған мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануда.
Соның арқасында тұрғындар кәсіпкерлікпен айналысуды жаппай қолға алуда.
Ал, мұндай шаруаны өз қаражаттары есебінен де дамытып жатқан жандар да аз емес.
Осындай өз қаражатымен кәсіптен нәсібін көріп отырған кәсіпкер Айбарша Қызыр десек қателеспейміз.
Айбарша Қызыр:
— Ауданда қазір кәcпкерлік саласы осылайша жақсы қарқын алған. Өйткені мемлекеттік маңызы бар бұл саясат жергілікті жұртқа кеңіінен түісіндіріліп, билік тарапынан да оған кең қолдау жасалған. Соның нәтижесінде халықтың да тұрмыстық жағдайы жақсара түсуде.
Бүгінгі таңда мемлекет шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды мықтап қолға алып отыр,-дейді.
Барды ұқсатып, тірлікті бастап кеткен Айбаршының нәпақасы бүгінде жүріп тұр.
Айбаршаның алға қойған мақсаты бұдан да зор. Кейін кәсібін кеңейтіп, үлкен сауда орталығын салуға ниетті. Тек мемлекеттен қолдау үзілмесе дейді ол.
– Іспен айналысу кез келгеннің қолынан келетін дүние. Бастысы – ниет керек. «Жұмыс жоқ» дей бергенше, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға қатысып, өзін-өзі қамтуға кеңес берер едім, – дейді талапты кәсіпкер.