КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ — МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ

Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады.https://www.elana.kz/wp-admin/plugins.php
Ал, бизнестің жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек.
Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің «Шағын және несие беруді көбейту» төртінші бағытында кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан қолдау тапқан болатын.
Бүгінгі күні Сарысу ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы, әсіресе ауыл-аймақтардағы шағын және орта бизнестің өсіп-өркендеуі қарқын алуда.
Қазіргі уақытта елімізде шағын және орта бизнесті дамытудың маңызы жоғары болып табылады.
Себебі, шағын және орта кәсіпкерлік құрылымында ұйымдастыру-құқықтық нысан бойынша тіркелген субъектілердің ең жоғары үлесін осы жеке кәсіпкерлер құрайды.
Жалпы, бүгінде Жамбыл облысындағы Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы кәсіпкерлік субъектілердің саны 1 296-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 25%-ға артты.
Ағымдағы жылы 12 кәсіпкерге мемлекеттік қолдау көрсетілді.
167 кәсіпкер өз кәсіптерін дамытуға микроқаржылық ұйымнан несиелік қаражат алды.
Жыл ішінде 2 ірі кәсіпкерлік нысан іске қосылып, 36 жаңа жұмыс орындары құрылды («Адал» әмбебап сауда орталығы, «Триумф» сән салоны).
Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын тұрақтандыру мақсатында қаламызда 2 әлеуметтік дүкен қызмет атқаруда.
Жыл басынан бері Жаңатаста 27 мәрте азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық дамытудың кепілі десек, Сарысу ауданында ауыз толтырып айтар жетістік жетерлік. Соның бірі аудан әкімінің бастамасымен биылғы жылы қала аумағында қуаттылығы 1 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасының құрылысын бастау үшін қала кәсіпкері Беркін Ерғонысов аукционмен жерін рәсімдеді.
Қаладағы 17 кәсіпкерлік нысанда қызмет ететін 2 мыңға жуық жұмысшының жалақылары 15%-ға дейін артты.
Тұрғындарды әлеуметтік қолдау шаралары да тұрақты ұйымдастырылып келеді.
Кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта бизнесті дамыту әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына енуге бет алған еліміз үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі – өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Көркем Асқар