«Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық жобасы
Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталып отыр.
Осыған орай, Жамбыл облысында да кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын жүзеге асыру қолға алынды.
Толығырақ тоқталсақ; «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бойынша ақпарат төмендегідей.
«Сыйақы мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау» құралы бойынша 2022 жылғы 6 айдың қортындысы бойынша жалпы несие сомасы 3 929,6 млн.теңгені құрайтын 99 жоба қаржыландырылды (2021 жылы жалпы сомасы 28,7 млрд. теңгені құрайтын 1329 жоба).
«Кредиттер қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру» құралы бойынша 2022 жылғы 6 айдың қортындысы бойынша жалпы кепілдік сомасы 1 695,4 млн.теңгені құрайтын 72 жоба кепілдендірілді. (2021 жылы жалпы кепілдік сомасы 8,4 млрд. теңгені құрайтын 1154 жоба). «Өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды жүргізу» құралы бойынша 2022 жылы Аймақтық Үйлестіру кеңесінің шешімімен 4 жоба мақұлданды, 2022 жылы 9 жобаға 2310,7 млн. теңге қаражат бөлінді. (2021 жылы АҮК-нің шешімімен 5 жоба мақұлданды, 2021 жылы 14 жобаға 2430,0 млн. теңге қаражат бөлінді).
«Гранттық қаржыландыру» тетігі бойынша 2022 жылы жалпы сомасы 21,0 млн.теңгені құрайтын 5 жобаны қаржыландыру көзделуде. (2021 жылы ақпан айында жалпы сомасы 21,0 млн. теңгеге 5 жоба қаржыландырылды).
Көркем Асқар