Кәсіпкерлікті қолдау – көркеюді қолдау

Мемлекет қашанда кәсіпкерлерге қолдау танытуда. Оның айғағы – бірнеше бағдарламаның қолданысқа еніп, кәсіп иелерінің игілігіне жаруы.
Сарысу ауданында да кәсіпкерлік саласының дамуына тікелей ықпал етіп отырған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда.
Атап айтар болсақ, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру 2022 жылға 182 адамға беру жоспарланған. Қаралған қаржы 153 150,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 7 адам грант қаражатын алды, оның ішінде жастар 3, аз қамтылғандары 1, мүгедектер 2, көп балалы отбасы мүшелері 1. Жұмсалған қаржы 8 576,4 мың теңге.
2021 жылы ауылдық жерлерге 42 азаматқа 266,5 млн теңге көлемінде шағын несие беру жоспарланған. Жыл қорытындысымен 46 жобаға 266,5 млн теңге шағын несие берілді. Нәтижесінде 39 жаңа жұмыс орны ашылды.
2021 жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант беру бойынша 2021 жылға 400 адамға беру 233 360,0 мың теңге қаржы қаралып нәтижесінде 404 азамат мемлекеттік грантқа қол жеткізді.

Көркем Асқар