Кәсіподақтар үйінде визуалды дизайн арқылы парасаттылық негіздерін оқыту бойынша жиын өтті
Кәсіподақтар үйінде «Карантин жағдайында визуалды дизайн арқылы парасаттылықты оқыту» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістерімен таныстырып, мол ақпарат берілген. Мысалы, Қытайда балалар арасында визуалды мемлекет құру үшін бейне-ойын кеңінен қолданылады. Егер ойыншы белгілі бір шешімдер үшін пара қолданса, оның елі дамымайды және бұл проблемаларға әкеледі.
«Барлық салада, соның ішінде білім беру саласында парасатты мінез-құлық үлгісін белсенді түрде насихаттау сыбайлас жемқорлық сияқты әлеуметтік зұлымдықты болдырмауға және жоюға мүмкіндік береді», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Сондай-ақ, оқыту шеңберінде қатысушылар ҚР Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» жолдауын және «Рухани жаңғыру»бағдарламасын іске асыру барысын талқылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер қатысушыларға прагматикалық ойлауға және сана-сезімді нығайтып, кеңейтуге көмектеседі. Іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті. Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының сарапшы-талдаушысы Айбек Қабылдин сөз сөйледі.