Катаклизмаға қанша ғасыр қалды?

Жаңа эрада қол жеткен техникалық табыстар орасан. Оның таңғажайып жетістіктері жер-жердегі обсерваториялық зерттеулерде қолданыс тапты. 130 метрлік диаметрдегі алып телескоптармен қаруланған астрономдар алпыс-жетпіс жылдан бері алуан түрлі жұлдыздарды толассыз бақылау үстінде. Әсіресе, Сатурн мен Шолпанды, Марс пен Сирусты көзден таса қылмай келеді. Әйтсе де, дәп осы планеталар мен жұлдыздардың аспан денесі ретіндегі астрономиялық сыры әлі де тасада тұр. Ең ақыры Сатурнда неше сақина барын әліге дейін түгендей алмай отырмыз. Күн жүйесінде қанша планета барын еуропалық астрономия тегі де білген емес. Ерте дүниелік астрономдар еңбектерінде жазып кеткен тоғыз планета болмаса, Күн жүйесіндегі басқа тіршіліктен біздің эрадағы тұрғындар мүлдем хабарсыз.

Алып телескоптардың оптикалық күшімен көзге көрініп жатқан аспан денелері нөпір санды. Алайда қасыңдағы Ай мен Шолпанды планета ретінде әліге дейін дұрыс танымау ұят-ақ. Бүгінде соншама санды бөтен жұлдыздар мен алыс Галактиканың сыртқы бейнесі сіздің объективте тіркелгеннен не пайда? Саны көп болғанмен, астрономиялық объект ретінде сыры ашылмаған ондай алыс дүниелерді суретке түсіре беруден не теориялық, не практикалық ұтыс жоғы белгілі. Мысалы, Кеңестік дәуірдегі астрономдар «черная дыра» — «қара тесік» атаған аспан денесі әлі де жұлдыз атауында айтылып жүргені осы күнгі астрономияның іліми әлсіздігінен емей не? Хун дәуіріндегі астрономдар бұның атауын «Туни» деп баяғыда жазып кеткен. Көлемі жағынан бұл Туни кәдімгі Күн планетасына антижұп екенін зерттеу нәтижесінде ашуға білімі жетпеген еуропалық астрономдар азиялықтардың алдында несімен мақтанады? Бір кездегі Ұлықбек жазып кеткен 1018 жұлдыздың орны әліге дейін дәлме-дәл сол координатасы бойынша аталып жүр.
Алып телескоптың күшімен тіркеліп жатқан әрбір аспан денесі сіздің алдыңызға өзі келген «дайын ас». Сөйте тұра сол «дайын асты» ауызға қалай салуды білмейтін жаңа эралық астрономдар жүр. Керемет жабдықталған қадау-қадау обсерваторияның төрінде бәрі шіреніп отыр. Бір сөзбен айтқанда, алдыңа салып, қолыңа берген техникалық күшті құрал-жабдықтарды астрономиялық зерттеулерде ұтымды қолдануға ақыл-ойдың жетпегені қиын-ақ. Сол себептен де еуропалықтар бұл саладан өтірікті көбейтіп, біраз ұтысқа жетті. Астрономдар беріп жатқан ғылыми жаңалықтардың барлығы қате. Техникалық аппаратуралар суретке түсірген астрономиялық бейнелер түгелдей дұрыс. Алайда бұның бәріне тиесілі ғылыми-практикалық расшифровкасы қалпынша ақсап жатыр.
Жаңа эрадағы астрономиялық зерттеулерде ең табыстысы тек техникалық аппаратуралармен жабдықталуында ғана. Яғни, жалпы әлемдегі шынайы еңбектің иесі инженерия дегенің. Инженерлік ақыл-ой мен техникалық конструкция дегендердің теңдессіз биікке көтерілгеніне бүгінгі адамзат толық куә. Сенімді жүз пайыз мөлшерде ақтаған ақыл иесі инженер-физиктер мен инженер-химик және инженер- онструкторлар. Нағыз абзал жандар осылар. Кез келген сала бойынша практик-инженердің іс-әрекеті жан-жағынан көрнекті. Өндіріс пен өнеркәсіпті қара өгіз боп ілгері сүйреп келе жатқан прогрестің нағыз өкілі осылар десең әділдік.
Аспан денелерін алыстан бақылап тұрып, суретке түсіруге керекті техникалық жағдайын инженерлер толығымен жасап берді. Теориямен айналысушы астрономдар болса биік таулардың бөктеріндегі тамаша обсерваторияларда отырып алып, том-том шығармаларды жайлана жазды. Алайда бұндай деңгейдегі тар сала өндірісінен көпшілікке не пайда? Бүгінде астроном атауын жай халық білмейтін аспан дүниесіндегі кереметтің құпиясын ұстап тұрғандай. Атауы осынша даңғазалы болғанмен, «мынау дүниедегі оқырманға не бердіңіздер?» — деп сұрайтын кез жетті. Жалпы алғанда, бұқараға беретіні жоқ болған сайын зерттеушілер өз «кереметін» барынша құпия биікте ұстауға шебер. Ондайдың атауын естігенде құлақ риза болады. Өмірде бар екен ғой деп жаның жадырайды. Іс жүзіне келгенде ортаға ұсынатыны нөлге тең масыл. Атауы тамаша, алайда практикадағы табысы жоққа тән бұндайлардың күнелтісі қағаз бетіндегі стандарт бойынша өтіп жатыр. Қолдан жасалған даңғазалы жарнамасы қандай деңіз? Бұндайдың астрономиялық деңгейдегі бір кереметі сонау 1987 жылдың төңірегінде баршаға әйгіленді. АҚШ пен КСРО бастаған қарулы державалар бірігіп, бір астероидты лазермен өртемек болғаны әліге дейін жалпы жұрттың есінде.
Ардақты М.Горбачев билікке келген кезінде планета бойынша таралған астрономиялық үрейге, күшті империяның басшысы ретінде қайқая қарсы тұрғаны бәрімізді қуантты. Әрине, «лағып жүрген бір астероид жерге қарай жақындап келеді» деген хабар әркімді де ұйқысынан шошытты. Жермен соқтығысуға жеткізбей тұрып, сол астероидты кеңістік ішінде лазермен өртеу керегін бірнеше держава бірігіп техникалық жағынан қамдастыра бастағанда риза болмай қайтесің? Әйтсе де, сол кездегі көпшілікке байқаусызда белгілі боп қалған аса қуатты лазер қаруын космостағы орбитаға шығарып қойып, зерттеулер жасап жатқан алып биліктегі мемлекеттердің жасырын күші. «Апырай» деп, бұған да таң қалғаның рас. Десек те, дәп осы жолы ғылыми негіздегі екі түрлі сыр айқара ашылды-ау:
1. Планетаға жақындағысы келіп жүрген әлгіндей астеорид олар айтқандай жалғыз емес, екеу болатын. Астрономдардың бұны бақылай алмағаны эралық деңгейдегі зор кемшілік.
2. Космосты игеруге соншама мол қаржы бөліп, орасан санды спутниктер мен есепсіз көп космос кемелерін лек-легімен орбитаға аттандырған азарт иелері, сөзбен айтып жүргендей бейбіт мақсатты көздегендер емес. Бұлар космосты соғыс мақсатында игерген. Әскери билікті үстідегі орбитадан жүргізуге бола космос кемелерін ұшырған техникалы қулар. Қазірде геологиялық зерттеулер жүргізіп жүрген бұлардың әрбір спутнигі жөпелдемеде космостағы әскери жасаққа бірден айналары хақ. Сол үшін де әр держава мыңдаған санды спутникті космоста ұстауға жанталасты.
Осыдан барып, орбита үстінде техникалық қоқыс қаптады. Азия мемлекеттерінде дәп сондай сапасыз космос техникалары жоқ. Космостағы техникалық мусор негізінен басты үш державадан шығып жатыр. Әлгі астероидті сол биікте жүрген жерінде лазермен өртеуге бел шешкен де сол үшеуі болатын. Одан соң 1991 жыл туды да, бұндай оқиғаның болуы қазірше жоспардан шығып қалды. Одан гөрі қызықтысы жер бетіндегі құм үстінде дауылдатуға айналды. Алпыс жыл бойы үздіксіз өндірілген нөпір қару-жарақтың арасындағы ең жойқын энергиясы лазер — тұңғыш рет 1956 жылы ашылған қуатты сәуле. Енді міне, сол қару қайсы халықты тұрған жерінен ертең ізсіз кетірерін бүгінгі үш-ақ держава нақты біледі. Өздері тіршілік еткен жердің үстіне қарай космостан оқ атуға техникалық қамын кеше жасап болған атақты үш держава «өлетін бала отқа қарай қашады» дегенді осы сәтте еске салып тұр. Осындай күштілер кеңістік ішінде өртеп жіберуге шешім шығарған әлгі астероид «байқұс» бұл жерге не себептен жақындап жүр деңіз. Мәселенің түйіні: Еуропалық астрономдар жазып жүргендей «жай жүрісті космостық ұсақ денелер» өмірде болмайды. Ондайдың комета мен астероид дегендері де жай қалықтаушылар емес. Белгілі іс-жоспарменен солайша «лағып» жүргендер.
Еуропалық зерттеушілер алып телескоптың күшімен біреуін ғана бақылай алған екі астероид шынымен де жермен кездесу мәнақасында. Астрономдар бұндай үрейді сезген-ақ. Әйтсе де, сол астероидты лазер қаруымен «атып жоямын» деу — қанша күшті болсаң да орындалмайтын арман. Метеорит пен астероидтың әрқайсысы Алламның қатаң бақылаудағы аспан денесі. Еуропалық астрономдарға бос жүрісті ұсақ денелер боп көрінетіні — бастағы білімсіздіктен. «Қоршаған кеңістіктегі шынайы болмыс қандай?» — деген сұрақ оларда жоқ қой. Ондай сұрақ болмаса, соған сай көлемде ойлану болмайды.
Планетамен жанасуға 49 мың жыл бойы даярлық жасап, жанасар нүктесін дәл көздей келіп, түйісуі керек қос астероид өте маңызды жұмыстың иесі. Керекті орбитасын асықпай таңдап жүрген екі астероид та 2702 жылдың тоғызыншы ақпан түні планетамен тоқайласуға тиіс. Олардың жермен жанасуы бұдан жетпіс мың жыл ілгерідегі мұз дәуірінде жоспарланыпты. Алайда орта жолдан КСРО-ның өмірге келгені бұл эрадағы ғылыми-техникалық прогреске басқаша леп беріп, бақандай үш-төрт ғасырға бәрін ілгерілетіп кетті. Соның әсерінен анау айтулы түн де осынша уақытқа бері жақындап келеді. Орбитасын таңдап қойған қос астероидқа бұндай уақыттық өзгеріс артық жұмыс емей немене? Сонда бұл катаклизм түні алдыдағы 2702 жылдың ақпанда емес, одан үш–төрт ғасыр беріректегі бір жылдың 9 ақпан түнінде орындалмақ. Екі астероид сол түні бес саладағы жұмысты бірден жасап үлгеру керек те, соның нәтижесінде:
1) Жердің Оңтүстік Полюсі мен Солтүстік полюсі әлемдік уақыт бойынша 24 сағат ішінде орын алмастырады.
2) Планета осы кезге дейін сызып келген Күн сыртындағы айналу орбитасын белгілі градусқа бұрады.
3) Орбиталық қозғалысы өте-мөте соңғы 26 мың жыл ішінде төрт Галактиканың өріс қыспағына еріксіз түскен жердің халқы психикалық ауытқуларға көп ұшырады. Содан құтылу анау түннің ертесіне мүмкін екен.
4) Жердің екі жағынан қарама-қарсы бағытта келіп, жанасатын қос астероид өзінің жанасу нүктесіне дөп келген үш мемлекетті тұрған орнымен бірге планета бетіне қырнайды. Яғни, осы кезге дейін қару-жарақ күшімен қоқан-лоқы жасап, баршаны соғыс үрейінде ұстап келген державалардың аралдағы атақтысы мәңгілікке жойылады дегенің. Атлантида құрлығы да сол түні қайыра көтеріліп бұрынғы орнына келер. Оның солтүстігіндегі жалғасы боп тұрған анау арал содан кейін болмайды. Қазіргі космос әлемін шарлап жүрген ең ақылды тыңшы спутниктердің иесі сол түні келмеске кетеді деп сене беріңіз. Осындай себептен де бұның ұлттық тілі әлем бойынша өте насихатталып жатыр. Өзі кетсе де, сөздік қоры жердегілерге бүтін қалуға тиісті.
5) Қос астероид жанасқан түнде 180 градус шамаға полюс бойымен жарты айналыс жасайтын Жер, үстіндегі тіршілік иесін одан кейін жаңа елу мың жылдыққа қарай бет алғызады. Адамның ақыл-ой, сана мен парасаты сонда барып толық билікке, биікке жетері анық. Осыған дейінгі қалған үш ғасырда ешкімге де маза болмас. Жұмыр бастыға қазіргі сәтте бар ерікті беріп қойған бір Құдай үстімізден бір-бірлеп сорттап жатыр ма, оны өзі біледі. Әйтеуір, Еуропа иеленген байлық пен баршылықтың уақыты сонау 1333 жылдан бастау алғаны рас. Үстіміздегі 2030 жылдың өтіндегі бұл еуропалықтарға тиесілісі «Үшінші дүниежүзілік соғыс тудырған қайтымсыз процесті тас-талқаннан кейінгі өмірді қалпына келтіру». Кеңістікте жүрген астероидты лазермен атып тастауы былай қалып, бас қайғы болатыны содан соң. Әйтсе де, оған дейінгі мынау бейбіт өмірде, тұрған орны тақыр шөлге бір күн ішінде айналып жоқ болған мелекеттер тізімге алынса, сол лазер қаруының арқасында келген «игілік» дей беріңіз. Жақсылық жасауға ақылы жетпегенмен, жамандыққа пенденің бейімделуі катаклизмді тездетер басты процесс.

Мағрипа Жылқыбаева
физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент

(24)