Қателік пен қасиет
Дүниеде жан-жағыңның жайнап, жүрегің ештеңкеден қаймықпай толысып тұратын шағы ата-анаң мен бауырларың және көңілдегі махаббатқа байланысты.
Сенен теріс айналмайтын, қандай кедергіге түссең де сенетін ата-ана мен бауыр. Олар үшін сен ең жақсы адамсың. Мен анасыз өстім, бірақ, отбасылық махаббатты толық алдым, тәрбиені де, дүниеге көзімді толтырмады, білім мен тәрбиеге салды. Басқа бауырларым іскер, қолдарынан бәрі келеді, үй тірлігі де, даланың да, менің қолымнан тек жазу келеді, қиянатсыз жазу, жүрегімдегіні түсірем болды.
Ал, махаббат менің өмірімнің мәні. Таза, адал, шынайы, қорғай алатын. Жүрегінде махаббаты бар адам мына өмірге «мейіріммен тәкаппарлана» қарайды. Болмашы күйбеңді, қаралауды, жазалауды, адамгершіліксіз арпаласуға күле қарайды, өйткені, жүректі махаббат қорғап тұр.
Махаббат—күнде біреудің сүйем дегені емес, қымбат әтір мен әдемі көйлек емес, таңертең төсегіңнен кофемен ояту емес, жүректегі гармония. Сен оны сезесің, сол сені тыныштандырады.
Өмір жолымдағы адамдардан көп нәрсе үйрендім, тәжірибе жинадым. Әр адам өзің сияқты құдайдың пендесі, қателік пен қасиеті көп.