Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде сағат 12:30-дар шамасында Қайыңды ауылында қатты жауын салдарынан көлбеу ағын су қалыптасып, аталған ауылдағы 40-қа жуық үйдің ауласынан су өткен.
Осы мақсатта аудандық шұғыл әрекет ету штабы құрылып, тұрғындарға көмектесу және су айдау жұмыстарын жүргізуге аудандық төтенше жағдай бөлімі мен ауылдық округ әкімдігінен барлығы 30 адам, 7 мотопомпа, 8 техника жұмылдырылды.
Қазіргі таңда көлбеу су толығымен сіңіп, қауіп-қатер сейілді. Мотопомпалар арқылы аулалардағы жер төлелер мен септиктегі суларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Материалдық зиян келмеген, адам және мал шығыны жоқ.
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді тек ресми ақпаратқа сүйенуге шақырамыз!
Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі