«Қауіпсіз Қоғам Жастар болашағы» атты жастар форумы
Тараз қаласы Ықлас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Жамбыл облысының прокуратурасының бастамасымен: << Қауіпсіз Қоғам Жастар болашағы>> атты жастар форумы өтті. Негізгі Жастар форумында талқыланған мәселелер ашық форматта сұрақ қою, жауап алу арқылы жастарды еңбекке ынталандыру, патриотты тәрбиеге баулу, олардың бойындағы Отанға, елге деген сүйіспеншілікті арттыру. Жастарымыздың кейбір өкінішті, жағымсыз іс-әрекеттерін талқылап жат қылықтардан аулақ болып, қоғамда өз орындарын табуды, болашаққа тәртіпті, саналы ұрпақ болуларын және ел сенімін ақтауды насихаттап түсіндірді.
Форумда сөз алған спикерлер — Жамбыл облысының прокуроры Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша уәкілі Байқожаев Берікбол Ұзақұлы, Жамбыл облысы ардагерлер кеңесінің мүшесі, тұрақты комиссияның төрағасы, Ауған соғысы ардагерлер одағының төрағасы Ермеков Дүкенбай Сайлаубекұлы, Жастар ҚБ басшысы Байпақ Дархан Қуанышұлы, Паруолимпиаданың чемпионы Ғабидуллина Зүлфия Раухатқызы, және қоғам белсендісі модератор Нұрақбаев Ринат өз тәжірибелерімен бөлісіп әртүрлі бағытта жастар тәрбиесіне арналған мағлұматтар берді. Әсіресе жастар лудомонизмге, есірткілік тәуелдіктен сақ болуларын қадағалап, түсіндірме сұхбаттар жүргізді. Сондай-ақ Жастар форумына қаладағы бірнеше колледж білімгерлері, ұстаздар, қоғам белсенділері, Ауған ардагерлері Сенбиев Нұрбақыт, Жанболатов Қайрат, еңбек ардагерлері Сейтқадіров Төлепберген, Тазабеков Мұрат қатысты. Облыс прокуроры Нұрғалым Мәжитұлы Ұрпақ тәрбиесіне белсене арласқан бірнеше ұстаздармен, білімгерлерге және қызметкерлерге грамоталармен алғыс хаттар табыстап, рахметін айтып болашақта да жастар ісіне атсалыса берулеріне сәттілік тіледі. Жалпы бұл прокуратураның бастамасымен өткізілген жастар форумы өз нәтижесін береді деген пікірдеміз. Форум делегаттары бір-біріне ұйымдастырушы прокуратура қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіріп, тарасты.