ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН САҚТАЙМЫЗ

Аудандық прокуратура және аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бірлесіп Қаратау қаласында орналасқан газ құю бекеттері мен арнайы автокөлік құралдарына орналасқан жабдықтардағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында улы газбен улану оқиғаларының алдың алу және болдырмау мақсатында түрлі шараларды қолға алуда. Ағымдағы жылдын жылыту маусымы басталғаннан бастап күнделікті тұрғындармен газ құю бекетінің иелеріне балондарын пайдалану кезіндегі қабілеттілігі бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, газ балондарын талапқа сай пайдалану мен өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.