Қауіпті аурулар тобындағы жүкті әйел аман-есен босанды

Алғаш рет Тараз қаласында тәжірибелі гастроэнтеролог-дәрігер Мейрамкүл Қалисаеваның бақылауымен гендік- инженерлік биологиялық терапия (ГИБТ) жүргізу кезінде қауіпті диагнозы бар жас әйел аман-есен босанды.

– Ойық жаралы колит – бұл созылмалы ауру. Онда ішектің шырышты қабығының қабынуы, бір немесе бірнеше жаралар пайда болады. Патология дене температурасының 39ᴼС-қа дейін жоғарылауымен сипатталады. Кейде іштің ауыруы, жиі іш өтуі, шырышпен, ірің және қан, басқа да белгілерден байқалады.

Репродуктивті функцияны жүзеге асыру – әйелдердің өмір сүру сапасын анықтайтын маңызды факторлардың бірі. Сондықтан, ойық жаралы колитпен ауыратын жас әйелдер өздерінің репродуктивті қызметі туралы жиі сұрақтар қояды. Дәрілік терапияның заманауи мүмкіндіктері жүкті науқастардағы жағдайды айтарлықтай жақсартты. «Жүктілік пен ойық жаралы колит сәйкес келмейді» деген ұғым жойылды деуге болады. Біз спецификалық емес ойық жаралы колит аясында науқаста жүктілік пен босанудың сәтті жағдайын сипаттаймыз, – дейді Мейрамкүл Қалисаева.

Облыстық көпсалалы ауруханасының гастроэнтерологі М. Қалисаеваның айтуынша, науқаста базистік терапияға жауап бермейтін «спецификалық емес ойық жаралы колит» диагнозы қойылған. Ал, оған гормондық терапия тағайындалғанымен, ол да ерекше нәтиже бермеген.

– Медицина ғылымдарының кандидаты Д.Қайбуллаеваның дәрігерлік кеңесінен кейін белгілі бір схема бойынша жүргізілетін гендік-инженерлік биологиялық терапия ұсынылды. Индукциядан кейін науқас ковидті пневмониямен ауырып, нәтижесінде биологиялық препараттың схемасын өзгертуге тура келді. Дегенмен, үшінші биологиялық терапиядан кейін науқас ремиссияға ұшырады. Жарты жылдан кейін әйелге жүкті болуға рұқсат етілді. Науқас әр 2 ай сайын гастроэнтерологтің бақылауында болып, биологиялық терапияны тоқтатпады. Үшінші триместрде ол биологиялық терапиядан бас тартты. Бірақ 5-аминосалицил қышқылы (5- аса) препараттарымен негізгі терапияны жалғастырды. Сонымен, әйелдің өзі кесер тілігінсіз, ешқандай асқынусыз дені сау бала босанды, – дейді Мейрамкүл Сапарқұлқызы.

Жуырда Шымкент қаласында ҚР гастроэнтерологт ар қоғамының конференциясы өтті. Онда гастроэнтеролог М.Қалисаева осы клиникалық жағдай туралы айтып, науқасты емдеу тәжірибесімен бөлісті. Бұл ретте жүктіліктің жүргізілуі нормадан ерекшеленбейтінін атап өтті. Осыған байланысты мұндай науқастарға олардың репродуктивті функциясын жүзеге асыру ниетінде барынша қолдау қажет.

Диас МАРАТҰЛЫ,

журналист.