Қауіпті ВИРУСТАН қорғану үшін МЫНА азық-түлікті көбірек пайдаланыңыз

Бүгінде әлемді жайлап, қауіпі дендеп бара жатқан мына ауруды тұншықтыруға тек күтім мен сақтық қана көмектесе алады. Десек те, бұл аурудың алдын алып, жұқтырмаудың амалы болу керек. Ол үшін ағзаңызды вирусқа қарсы күресе алатындай жағдайда қуаттандырып, иммунитетіңізді көтеруге тиіссіз.

Демек қауіпті АУРУДЫ жұқтырмаудың ЕКІ жолы бар.  Ол – ВИРУСҚА қарсы күрес және ИММУНИТЕТТІ көтеру.  Ол үшін шығындалудың қажеті жоқ.  Дұрыс тамақтануды жолға қою керек.

ВИРУСТАН қалай ҚОРҒАНАМЫЗ?

  • Айналамызда вирус қаупі тұрғанда:
  • суық тигізуден;
  • тұмауға шалдығудан;
  • салмағыңызды жоғалтудан;
  • диета ұстаудан сақтаныңыз.

Мейлінше, құнарлы, нәрлі тағамдарды тұтынуға, көбірек көкөніс пен жеміс жеуге тырысыңыздар. Күніне кем дегенде 1,5-2 литр сұйықтық ішіңіз. Сонымен қатар тазалықты сақтап, бөлмеңізді ылғалдандырып отырыңыз. Кішкентайлардың да қауіпсіздік шараларын жүйелі жүргіңіз. Міне, осы кеңестер сізді қауіптен сақтай алады.

ВИРУСПЕН қалай КҮРЕСЕМІЗ?

Вирусқа қарсы дәріні дәріханадан емес, ас үйіңізден іздеңіз. Оның пайдасы орасан зор.

Өздеріңізге мәлім, САРЫМСАҚ – табиғи антибиотик ретінде кеңінен танымал. Оның құрамындағы аллиин, терпен мен сапонин кез келген инвекцияны, вирусты жоя алатын қабілетке ие. Десек те, тап осындай емдік қасиетімен танылған иісі өткір, дәмі ащы көкөністің тізімін мына азықтар да толықтыра алады. Нақтырақ айтқанда:

Картоп

Құрамы А, В1, В2, В5, В6, С, Е, К дәрумендеріне және ниацин, фолий қышқылына бай картоп бәріміздің сүйікті көкөнісіміз болар. Әсіресе, қуырылған картопты ұнатпайтындар кемде кем шығар. Алайда саулығымыз үшін картопты қайнатып жеген мақұл екен. Қайнатылған картоп калий, кальций, магний, темір, йод, кобальт, марганец, мыс, молибден, күкірт, фтор, мырыш, натрий және фосфор элементтерінің қайнар көзі болып табылады. Қайнатылған картоп вирусқа қарсы күресе алады. Сонымен қатар, ерте қартаюға жол бермейді, қан тамырлардың қабырғасын холестериннен тазалайды. Бір сөзбен айтқанда бүгінгі вирустан сақтану үшін қайнатылған картопты көбірек жеңіз.

СӘБІЗ

Жыл бойы ас үйімізден табылатын сәбіз де вирусқа қарсы күресе алатын көкөністер тобына жатады. Құрамы А, С, Е, D, РР дәрумендеріне бай сәбіз иммундық жүйені нығайтады, ағзаны вирус пен бактерияға қарсы күресуге қуаттандырады.

АЩЫ БҰРЫШ

Иісі мен дәмі ерекше ащы бұрыштың да алатын орны ерекше. Ол құрамындағы капсаицин заттегінің арқасында вирусқа қарсы дәрі қызметін атқарады. Сондықтан да күнделікті тамағыңызға, салатқа ащы бұрыш қосуды ұмытпаңыз.

ТАҒЫ қандай АЗЫҚ-ТҮЛІК көмектеседі?

Мамандар мұнан бөлек саумалдық, қырыққабат, брокколи және гүлді қырыққабат сынды көкөністерді жиі жеуді ұсынады. Оған қоса, балықтың да көмегі керемет екенін ескертеді. Тамақ арасында, бесіндік асқа жаңғақтың түрлерін тұтынғаныңыз абзал. Оның құрамындағы Е дәрумені мен селен, мырыш, мыс элементтері қауіпті вирус пен бактерияға қарсы тұра алады. Міне, осы көкөністер сіздің ағзаңызды қуаттандырып, саулығыңызды сақтай алады.

Дереккөз: joinfo.ua