Қауынның сіз білмейтін ерекшеліктері
1. Қауынның құрамы С дәруменіне бай Қауынның кез келген сортының 100 грамм бөлігі бір күндік С дәруменімен қамтамасыз етеді. Бұл дәрумен адам ағзасындағы ұлпалардың қалыпты жағдайын сақтауға септігін тигізіп қана қоймай, жара орындарының тез бітелуі мен тіс пен сүйектердің тез қалпына келуіне мүмкіндік береді.
2. А дәрумені де мол Қауынның құрамында А дәрумені де молынан кездеседі. Теріңіз бен көзіңіздің қарашығына жақсы әсер етіп қана қоймай, көздің көруін жақсатады. Оның жетіспеушілігі иммунитеттің төмендеуіне әкелуі әбден мүмкін.
3. Қуат береді Қауынның көптеген түрі В дәруменіне бай. Бұл дәрумен қант пен көмірсуларды өңдіретін болғандықтан денеңіз күні бойына қуатқа толы болады.
4. Арықтауға көмектеседі Барлық жеміс пен көкөністер секілді қауынды арықтауға қолдануға болады. Оның калориясы өте төмен, әрі май құрамында мүлде жоқ. Құрамындағы судың көптігі күні бойы өзіңізді тоқ сезінуге мүмкіндік береді. Ал тәтті дәмі шоколадқа деген құштарлығыңызды төмендетеді.
5. Рак тудырмайды Құрмындағы көп мөлшерлі каротноидтар рак ауруының алдын алады.
6. Бүйрек ауруын емдейді Қауынды күн сайын таңертеңгі асыңыз ретінде қолдансаңыз бүйрек ауруының туындау мүмкіндігі төмендейді.
7. Ас қорыту жүйесін реттейді Қауын ішектерді тазартып, іш қатудың алдын алады. Құрамындағы минералдар асқазанда туындайтын ауруларды жойып, қышқылдық ортаны реттейді.
8. Қауын таза теріні қалыпастырады Қауын құрамындағы дәрумендер терінің саулығын қаматамасыз етеді. Қарттықпен күресте қауын өте тиімді. Қауынның сыртқы жұқа қабығын бетіңіз бен мойын терілеріне 15-20 минут қою арқылы да емделуге болады.
9. Шашыңыздың саулығына әсер етеді Құрамындағы дәрумендер мен пайдалы ағзалар шашыңызды түсуден сақтайды.
Дереккөз:massaget.kz