«ҚазАгро» ауылдағы кәсіпкерлерге тиімді несие береді
22 шілдеде Астанада бір топ журналист, блогерлер ауылшаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев пен және «ҚазАгро» ұлттық холдингі өкілдерімен кездесіп, холдинг атқарып жатқан жұмыстармен танысқан еді.
«ҚазАгро» ұлттық холдингі желісі бойынша агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) қаржыландыру жүйесіндегі бірқатар маңызды өзгерістер болған екен. Жалпы, осы жаңа ережелер саланы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін жоғарылатуға және елдің ауыл тұрғындары үшін несие ресурстарына қолжетімділікті және барынша қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Біріншіден, «ҚазАгро» холдингі құрылымы арқалы қорландыруға қатысты жеңілдікті шағын несиелеуді шағын қаржы ұйымдары мен несие серіктестері арқылы алуға болады.
Екіншіден, жұмыстарын жаңа бастаған кәсіпкерлердің кепілдік проблемасын «ҚазАгроКепіл» (КазАгроГарант) арқылы қарыздарды кепілдендірудің жаңа жүйесі шешуге көмектеседі.
Үшіншіден, инвестициялық жобаларды қаржыландыруға өтінімдерді Аграрлық несие корпорациясы қабылдайды.
Қазіргі жағдайда «ҚазАгро» холдингімен 5,4 мың несие берілді, 12 мың адам жұмыспен қамтылды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарында ҚазАгроның несие қоржыны 582 млрд. Теңге болды. Холдингтің клиенттері 53 мың қарыз адам.
Холдингпен агросекторды несиелеудің жалпы көлемінің 85%-ы шағын және орта бизнес субъектілеріне тиесілі. Холдингтің шағын несиелеу нарығындағы үлесі 94% болса, ауылшаруашылық техникасының лизингі нарығындағы үлесі – 72%.
Алайда, ауыл шаруашылығында қаржыландырудың барлық проблемалары шешілді деп айту ерте. Осы уақытқа дейін әлеуетті қарыз алушылардың кеңейтілген тобы үшін ауылдық жерлерде несие ресурстарына қолжетімділік мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Бұл мәселені тежеуші факторлардың бірі – көптеген ауыл тұрғындарының қажет кепілзаттарының жетіспеуі немесе болмауы.
Осы проблеманы шешу үшін «ҚазАгро» ұлттық холдингі ауылдағы бизнесті несиелеу процессіне жеке қаржы құрылымдарын – Шағын қаржы ұйымдары мен Несие серіктестіктерін тарту бағдарламасын әзірледі. Бұдан басқа, Холдинг әсіресе ауылдағы жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ыңғайлы шағын қарыздарды кепілдендіру жүйесін енгізеді, ол шағын бизнеске кепілзатпен проблемасы болған кездің өзінде несие қаражатын алуға және өз ісін бастауға мүмкіндік береді. Жаңа схема өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде әзірленді, оны іске асыруға НС және ШҚҰ арқылы 6% мөлшерлемемен 11 млрд.теңге қарастырылған. Мемлекет атынан «ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдік етеді.
Кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдік көлемі шағын несие құнының 85%-ын, жұмыс істеп тұрғандар үшін — 50%-ға дейін болады. Несие серіктестіктері мен шағын қаржы ұйымдарының қарыздары ғана кепілдендіріледі. Осы ретте, ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ҚазАгроКепілдің офисіне барудың қажет емес екенін атап өту қажет, кепілдік алу үшін өтінім несиелеуге құжаттардың топтамасын өткізу кезінде рәсімделеді және АШТӨ тарапынан шығынды қажет етпейді.
Осыған ұқсас аталған бағдарлама Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен де іске асырылады. Бөлінген қаржы ресурсының көлемі 16 млрд. теңге.
(Шағын несиелер Бағдарламаның қатысушыларына мал шаруашылығын дамытуға және ауылшаруашылық кооперативтерін дамытуға бағытталған жобалар бойынша 7 жылға дейін, басқа жобалар бойынша – 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бағдарлама бойынша қарыз сомасы 8000 АЕК (18 152 000 теңге) аспайды, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан аспайды.)
«ҚазАгроҚаржы» АҚ бәсекелес ортаға беру жөніндегі бекітілген іс-шараны ескере отырып, жылдың басынан бастап инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша барлық өтінімдер Аграрлық несие корпорациясында қабылданады.
Осы ретте компания инвестициялық жобаларды қаржыландыруды, соның ішінде ҚР АШМ анықтаған басым бағыттардың кеңейтілген спектрі бойынша Ұлттық қордың қаражаты есебінен жоспарлайды. Егер бұрын қаржыландыру мөлшерлемесі 6%-ды құраған болса, қазір ол 5,5%-ға дейін төмендетілгенін атап өту қажет.
Әңгіме мына бағыттар туралы:
-ет бағытындағы құс фабрикаларының қуаттылығын арттыру және жаңарту;
-сүт-тауарлы фермалар, асыл тұқымды мал өндірісінің орталықтарын қоса алғандағы репродукторлар құру;
— суару жүйелерін қолдану арқылы жеміс-көкөніс, техникалық және май дақылдарының өндірісін құру;
— өнеркәсіптік жылыжайлар, астық және көкөніс қоймаларының және көлік-логистикалық орталықтарының құрылысы және т.б.
Жалпы 2016 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры аталған бағыттар шеңберінде 14,5 млрд. теңге сомасына 4894 жобаны қаржыландырды.
2017 жылдың бірінші жарты жылдығында – 7,5 млрд.теңге сомасына 2283 жоба қаржыландырылды.
Ағымдағы жылдың I жарты жылдығының қорытындысы бойынша АӨК қолдауға 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаның басым бағыттары бойынша Холдингпен 102,9 млрд. теңге бағытталды.
Шамамен 7 мың агроөнеркәсіп кешені субъектісі қаржыландырылды, ол жұмыс орындарын сақтауға және 11 мың адамға жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Холдингпен агросекторды несиелеудің жалпы көлемінің 88,3%-ы шағын және орта бизнес субъектілеріне тиесілі екендігін атап өту қажет (90,2 млрд. теңге).
Холдинг тарапынан агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемі ағымдағы жылы 316 млрд.теңге деңгейінде жоспарланады, ол 2016 жылғы деңгейден 24%-ға артық (255 млрд. теңге).
Abai.kz