ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІНЕ ТАҒЗЫМ
🇰🇿⚘ Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, елдің көркі.
⠀
… Ал, біздің ерлеріміз, балпылдап бос жүріп, сол әйелге кінә қойғысы келеді….
⠀
🇰🇿⚘ Қазақ халқының болашағы бүгінгі қазақ әйелінің құрсағында шешіледі, бағзыдан келе жатқан айнымас шындық.
⠀
🇰🇿⚘ Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған, әлемдегі ең ізгі әйел.
⠀
🇰🇿⚘ Қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған, әлемдегі ең мейірбан әйел.
⠀
🇰🇿⚘ Қазақ әйелі – бар бақытын некелі ерінің талайынан күткен, әлемдегі ең адал әйел.
⠀
⚘ Ұлттың ұйтқысы.
⠀
⚘ Ұрпақтың анасы.
⠀
(с) Мұхтар МАҒАУИН