Қазақ баласының атымен ұшақ жарыққа шығатын болды

Қазақстан әншісі Димаш Құдайбергеннің атымен енді ұшақ жарыққа шығады, деп хабарлайды Қамшы ақпарат агенттігі. Аталмыш хабармен Димаш Құдайбергеннің досы Алпамыс Шәрімов бөлісті. «TianDao компаниясы Eastern company-мен бірге жеке тапсырысқа ұшақ шығаратын болды. Бұл ұшақ «Moonlight blade» онлайн ойыны желісіне арналмақ. Димаш осы ойынға «Уақыт-теңіз» атты саундтрек жазған болатын. 22 тамызда өзінің алғашқы рейсін Шанxайдан Пекинге орындайтын аталмыш ұшақта Димаштың бейнесі жарыққа шығатын болады. Үлкен әуе кемесі енді Қазақстан әншісі Димаш Құдайбергеннің атымен брендке айналмақ», — деп жазды ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында. Димаш Құдайберген қазақтың маңдайына біткен талант. Қытайда өткен I am singer байқауыннда өз өнерін сынға салып, озып шыққан қазақ баласы бүгінде әлемге танымал.