Қазақ боксшылары Францияға аттанды
Париж Олимпиадасына бокстан ерлер құрамасы толық құрамда бара жатыр.
Қазақстан боксшылары Париж Олимпиадасына қатысу үшін Францияға аттанды. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.
«Қазақстан бокс құрамасы үшін Олимпиада сапары басталды. Былғары қолғап шеберлері Алматы әуежайынан Францияға ұшты. Бортта он олимпиадалық үміт, бапкерлер, спарринг серіктестер және ғылыми топ мүшелері бар. 25 шілде жеребе тарту рәсімі өтеді. Сол күні Отандық боксшылардың қай уақытта шаршы алаңға шығатыны анықталады», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасына бокстан ерлер құрамасы толық құрамда бара жатыр. Ал әйелдер құрамасы 3 салмақта бақ сынайды.