Қазақ футболшылары Қытай құрамасына қарсы тұрмақ
Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Қытай Халық Республикасының құрамасы жолдастық матч өткізетіні туралы ресми түрде хабарлады.
Екі елдің Футбол федерациялары бұл матчты өткізу жөніндегі келісімге қол қойды. Ойын 7 маусым күні Далянь (ҚХР) қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Федерациялар арасындағы келісімге сәйкес, матчты ұйымдастыру бойынша барлық шығындарды, қазақстандық делегацияның жолы мен орналасуын және басқа да шығындарды Қытай тарапы көтереді. Ойынға дайындық жүргізу үшін Қазақстан Ұлттық құрамасы 3-8 маусым аралығында жаттығу жиынын жоспарлап отыр. Осыған сәйкес, Қазақстан Чемпионатының Премьер-лига ойындарының уақыты өзгертіледі: 14-тур матчтары 4 маусымнан 2 маусымға жылжытылады, ал 15-тур ойындары 8 маусымнан кеш мерзімге шегеріледі. Тиісті шешім 18 мамыр күні өтетін Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының кеңесі нде қабылданады.
2016 жылдың 7 сәуіріне дейінгі мәліметке сәйкес, Қытай құрамасы ФИФА рейтингінде 81-сатыда тұр.
ҚФФ