Қазақ күнтізбесіндегі тауық жылы

  Қазақ халқы өмір сүретін ортасын ғасырлар бойы зерттеп зерделеген, табиғатты тану үдерістерінде мол тәжірибе жинақтаған парасатты халық. Астрономиялық танымдар мен білімдері негізіне құрылған қазақ күнтізбесі халқымыздың баға жетпес асыл қазынасы. Осы бір құндылық ұрпақтан ұрпаққа жалғасып бүгінгі дәуірге дейін жетіп отыр.

      Қазақ күнтізбесі сан ғасырдың тезінен өтіп шыңалған, қазақтың тұрмысы мен Ұлы Даладағы тіршілік ортасына бейімделіп жасалған ғажайып білім. Бұл салада қазақ ғалымдары тынымсыз тер төгіп, көрнекті ғылыми еңбектер жазды. Айталық, ай-күн, жыл, мүшел, жыл қайыру, амал, ауа-райы, халық болжамдары т.б. атауға болады. Оларды бүге-шігесіне дейін ештемесін қалдырмай түгендеп шығуға шағын мақаланың көлемі тарлық ететінін еске саламыз. Бұнда тек ғана алда келе жатқан 2017- тауық жылына шолу жасауды жөн санадық.  

%d1%82%d0%b0%d1%83%d1%8b%d2%9b

     2017 жыл қазақ  күнтізбесі бойынша тауық жылы   

 Қазақ халқы ғасырлар бойы он екі мүшел бойынша жыл санап, қай жылдың қандай болатынын ұзақ уақыттық тәжірибелерден өткере отырып қорытынды шығарып, жыл сипаттамасын жасаған. Халық ол сипаттаманы жыл топшылау деп атасады. Өткен замандардағы қазақ есепшілері ескі жыл санау бойынша жыл кіретін күнді (наурыз бен ақпанның арасындағы  күн мен түнді) күзетіп, сол мезгілде болған ауа-райы, табиғат және жан-жануарлардан байқалған құбылыстар бойынша жыл топшылаған.

Ел аузындағы жыл топшылау бойынша тауық жылы төмендегіше сипатталады:

Көнекөз, шежіреші қариялардың айтуы бойынша, тауық жыл үш түрлі, яғни қара тауық, қызыл тауық және ақ тауық жыл болып кіреді. Бұлардың ішінен қара тауық пен қызыл тауық кірсе жыл жаман болмайды. Егер ғайыптан ақ тауық кірсе, қауып көп, абай болған жөн деседі. Осындағы ақ тауық дегені қарлы боранның көп болуы, аяздың қатты жүруіне қаратылса керек.

2017 жылғы тауық жылы қандай болады?

Ин-янь есебі бойынша: тауық жылы — орайын  келтіріп, сәтін тапса барлық адамдар үшін жақсы жыл. Адамдар үшін орайлы сәттер көп туады. Сондықтан Қазақстанда  EXPO-2017 көрмесінің өтуі де осыны аңғартады. Қазақшалап айтқанда, төгілген несібені тарыдай теріп аласың, ол үшін тауық сияқты жылдам қимылдау керек. Жалпы бәсекелестік көп болады.

Ауа-райына келер болсақ оны ақпан айының соңындағы күн мен түнге қарап болжауға тура келеді. Сондықтан  қазіргі кезде ол жағын болжау әлі ерте деп есептейміз.

Тауық жылы туылған кісінің мінезі қандай болады?

Қазақ халқында ескі замандардан келе жатқан, адам мінезін он екі мүшелмен байланыстыратын сенім-наным бар. Әрине ол ғылыммен көп жанасып кетпесе де халық арасында үздік айтылып жүретін аңыз-әпсана. Адам мінезі мен он екі мүшелдің байланысы туралы көне кітаптарда біраз мәліметтер жазылғанын да ескергеніміз жөн. Сондай мәліметтер бойынша жылы тауық болған кісінің мінезі:

  • Жігерлі сөзге шешен келеді.
  • Түбіне дейін біліп, нәтижесін шығаруға құштар.
  • Өткір де шорт, өзін жақсы қырынан көрсете алады.
  • Алған бетінен қайтпайды, жүректі, қашанда бір ісімен жұртты жалт қаратуды ойлайды.

Кемшілігі: ашуланса қызық ашуланады, дауласқыш, өз көзқарасын ғана дұрыс деп біледі, өзгелердің пікірімен келісе бермейді, аздап өзімшіл келеді.

Жылы тауық болған ұлы қайраткерлерден кімдерді білесіз?

%d3%99%d0%b1%d1%96%d0%bb%d2%9b%d0%b0%d0%b9%d1%8b%d1%80

Әбілқайыр хан (1693-1748) қазақтың кіші жүзінің ханы, әйгілі қолбасшы.

%d0%b1%d1%96%d1%80%d0%b6%d0%b0%d0%bd-%d1%81%d0%b0%d0%bb

Біржан сал Қожағұлұлы (1825-1897) атақты сал-сері, әйгілі әнші, ақын.

%d0%b4%d0%b8%d0%bd%d0%b0

Күйші Дина (1861-1955) қазақтың әйгілі күйші –композиторы.

%d0%b0%d1%85%d0%bc%d0%b5%d1%82

Ахмет Байтұрсынов (1873-1937) қазақтың ұлы ағартушысы, ірі ғалым-лингвист, алаш ардагері.

%d0%b4%d1%83%d0%bb%d0%b0%d1%82%d0%be%d0%b2

Міржақып Дулатов (1885-1935) аса көрнекті қоғам қайраткері, алаш ардагері, ақын, жазушы.

muhtar-avezov

Мұхтар Әуезов (1897-1961) қазақтың заңғар жазушысы.

 Жылы тауық болғандармен  қай жылдың тумалары дәм-тұзын жарастыра алады?

Отбасын құрушылар үшін тауық жылы туылғандармен жақсы сәйкесе алатындар ұлу жылы туылғандар. Сиыр және жылан жылы туылғандар да жылы тауық болғандармен жұптаса алады.

Ал тауық жылы туылғандармен жұлдызы қарсы келетіндер ит, қоян және тауық жылы туылғандар. Тауық жылы туылғандар осы аталған жылдарда туылғандармен қосылса таласып тоқтамайды, кеңірдек жыртысып, араздасып қалатын жәйттер көп туылады.

Қалбан Ынтыханұлы,

аудармашы, деректанушы