Қазақ неге көбеймейді?
БҰҰ дерегінше, Үндістан жан саны жағынан Қытайды басып озды. Қазір Үндістан әлемде көшбасшы — 1 млрд 428 млн 600 мың адам. Қытай екінші сатыда – 1 млрд 425 млн адам. Яғни, 3 млн-ға кем.
Қырық жыл қырғын болған Ауғанстан 40 миллионға жетті. Өзбек ағайынның халқы да 35 миллионнан асып, Орта Азияның еңбек нарығында басым орынға шықты. Әлгінде Шавкат ака Мирзиеев: «Өзбекстан елі, 36 миллионға толды. Енді үш жылдан кейін 40 миллионға жетеміз», — деді.
Шынында да, бізбен ағайын ел, кейінгі жылдары дүркіреп өсіп келеді. Таяудағы мәлімет бойынша халық санымыз 20 миллоинға жетіп қалыпты. Бұл кәрі құрлық — Еуропамен салыстырғанда жақсы көрсеткіш болғанымен, өзіміз тұратын аймақпен салыстырсақ өкініш өзекті өртейді.
Бұл дабыл қағарлық мәселе!
Нұргелді Әбдіғани ФБ парақшасынан