Қазақ, өле берсін бе?
Кімде кім өз ұлтын қәдірлемесе, өз ұлтымен
мақтанбаса, сатқын және қаңғыбас.
Б. Момышұлы
Ұланбатырдағы құрылыс техникуымында оқып жүргенде, бірінші курста мамандық тану деген сабақ кірді. Мұғалім қырыққа таяған жігіт ағасы. Тәртіп қатал.
Студент болсақ та, мұғалім келе жатса анадайдан қаздай тізіліп тұрамыз. Таны, таныма сәлем береміз. Мұғалім кіріп келсе дүр етіп тұрамыз. Отыр демесе, қаздиып тұра береміз.
Мұғалім сабақты, кұрылыс деген не, деген сұрақпен бастады. Ананы айттық, мынаны айттық. Ылғи ыржиып жүретін ділмар бәкене біреу бар еді. Сол «Құрылыс дегеніміз, топыраққа, су қосып илеген батпақ»,- деп ыржиғаны. Күлкіге көмілдік. Мұғалім: «Несіне күлесіңдер, дұрыс»,- деді.
Ойласаң, солай демеске. «Балалар сендер құрылысшы болатындарыңа мақтаныңдар. Істеген істерің көрініп тұрады. Мәңгі болмаса да, құрылыс ұзақ тұрады. Ал, мұғалім дейік. Хат танытсын, шәкірті атақты ғалым, әкім, би, депутат болсын. Онысы көп болса жүз жыл жүреді. Дәрігер болса, адамдардың жанына араша тұрады, бірақ адам мың жасамайды ғой. Ғалым бол, жаңалық аш, жаңалығың тарихта қалар. Бірақ, көзге көрінбейді. Мал, мамандарына тіпті айтарым жоқ. Құрылысшылар қалайда мақтануға болады»,- деп, бізді шектен тыс, шелейтуші еді.
Онысы орынсыз емес екен. Қазақ құрылысшылары бір Астанамен мақтана салса, басқалар ауызын жаппай ма?
«Ал, балалар сол құрылысты теріс салып қойсаңдар не болады, кім айтады?»,- деп, сабағы сұраққа көшетін.
«Теріс салуға болмайды құлайды. Құласа жауапкершілікке тартылады, анау, мынау, қойшы сотталады», – деп, жамыраймыз.
Мұғалім:
— Құрылыс құлады, ішіндегі адамдар не болады?
-Жазым болады, мертігеді, басылады, өледі.
— Олар кім?
— Халық, адамдар
— Халық, адамдарың кім.?
— Құрылыстың ішінде кім бар, солар.
Жайма шуақ тұрған мұғалім, беті қызарып, ашулана, мына сөздерді түйдектетіп еді:
— Не сендер, монғол емессіңдер ме? Монғол мемлекетін монғолдар құрайтынын, даласы мен қаласында, құрылыс ішінде монғолдар тұратынын білмейсіңдер ме. Құрылысты теріс салып, сенің терістігіңнен адам өлді дейік, сонда кім өледі екен?
— Монғол.
— Міне жаңа дұрыс болды. Сен халқыңды, ұлтыңды ойламағандықтан, қателік жіберіп, өз монғолыңды өзің өлтіргелі тұрсың. Дәргер де солай, қателік жасаса монғол жазым болады. Мұғалім сабақты жаман үйретсе, монғолдың баласы білімсіз қалады. Малшы малды дұрыс бақпаса, монғолдың малы өспейді, өшеді – дегенде, класс іші, тым тырс қалып еді.
Құрылысшымын деп, мақтан, бірақ жауапкершілік зор деп, көкейіңе түй. Кім қателік жіберсе, сол отанына, ұлтына зиян шектіреді, өйтуге болмайды деп, алдында отырған баланың басынан, сипап елжірей қарағаны әлі есімде. Мұғалім не ойлағанын кім білсін. Класста екі қазақ болатынбыз. Өңкей бір жүріп, бірге отырамыз, бір үйде тұрдық. Қасымызға келді. Менің арқама қолын салып тұрып, сендер қалай ойлайсыңдар, қазақтар қара жұмысқа мықты ғой, құрылысты жақсы салады. Мені түсіндіңдер ме дегені. Мен сасқалақтап ұшып тұрдым. Ойламағандық па, монғол тіліне шалалық па:
— Біздің Өлгейде қазақтар тұрады – деппін.
Мұғалім, алдыма келіп, қабағын түйе, бажыраяа қарап, жұлып алғандай:
— «Сонда қазақтар жазым болып, өле беруі керек пе? Қазағыңды ойламайсың ба? Менің сөзімді түсінбей қалған шығарсың. Жауап беруден бұрын, аспай саспай ойлан. Қуып келе жатқан ешкім жоқ» — деп еді.
Осы сөз маған үлкен сабақ болды. Есейе келе ұлтты сүюді, монғолдардың қалай үйрететінін осыдан байқадым. Интернационализм кезінде мен монғол, сен қазақсың десе, ұлтшылсың деп, айдап кететін кез ғой. Осыған сай, сабақтың өңін айналдырып «Мамандық тану» атағанын, кейін түсіндік қой. Сабақ сайын, ұлт туралы әңгіме бастап, қызықты сұрақ қоятын.
Бірде:
— Көшпенділер, яғни біз, киіз үйде тұрдық. Әліде пайдаланамыз. Біздің ата бабаларымыз киіз үйді ойлап тауып, ішінде өмір сүріп жүргенде, жеттік деген европалықтар лашық жасауға да дәрмені келмеген. Кигіз үйдің конструкциясы қандай күрделі. Европалықтар, киіз үйдің жібін де есе алмайды. Өзі қаңқайып тұрып, желге, жауынға шыдамды. Жер қозғалса, керісінше билеп тұрады. Ата бабаларымыз қандай дана, данышпан болған, солардың ұрпағы біз жаман болуға әсте, болмайды…
Шыңғысхан жарты әлемді жаулағанда, киіз үйін өгіз арбаға артып жүріп, тас қамалда отырғандарды, сойылмен ұрып алған жоқ па? Осындай өр рухты монғол, ұсақталып кеткеніміз… деп, демін ішіне тартушы еді. Құрылыс туралы екі пар сабақ кірді де, ол монғолдың салт дәстүрін, мемлекеттігін, бірлігін, ұлттық қарым қатынастарды сипаттаған сабаққа айналып кетті. Құрылыс жайына қалды. Киіз үйді тікеннен бастап, оның ішіне қалай өмір сүру, кіру, шығу, отыру жайына дейін тоқталатын. Үйді жығу, жинау, тігу. шаңырақты алу, алып жүрудің өзі өте маңызды дейтін.
Кәдулгідей, монғол болып өмір сүруді үйретті. Кигіз үйде өмір сүруге жалғасып, ұлттық тәрбие басталды. Далаға шығып ағайынмен қалай араласу, хабарласу, бір бірне көмектесу, ағайынға жанашырлық таныту. Тіпті, келген қонақты күтіп алу, атын қалай байлап, үйдің қай жағынан ертіп кіріп, есікті қалай ашу, сәлем беруді егжей тегжейімен айтатын. Ата, ананың үйдегі орны, қалай сәлем беруді, кейде қимылмен көрсететін. Монғолдардың қазақтар «шаған» атап кеткен, жаңа жылды қарсы алатын дәстүрі бар.
Оның ырым жырым, жол жоралғысы көп. Араздасқан ағайын қайтседе кезігіп татуласу, ағайындар сол жылы, араласып, дәм татысуы шарт. Бір біріне сәлем бергені қызық. Екі қолды жаяды, жайғанда кішісі бір нәрсе көтеретіндей төменнен жоғары, үлкені алақанын төмен қаратып құшақтасады. Замандастар, бір қолы жоғары, бірі төмен. Аяғы ауыр әйелдер, құшақтаспайды баланың жынысы, ауысып кетеді деп, ырымдайды. Бірақ, осының бәрін ауылдан келген монғолдар біліп тұратын.
«Шағанды» діни мейрам деп, тойлатпағандықтан, мемлекет «Малшылар күні» деп, тек ауылда тойлатты. Ой шіркін үй басы сыйлық таратып, тамақ деген, ағыл тегіл, қарық болушы едік. Осындай той бізде де болса деуші едік. Құдайға шүкір, тәуелсіздіктің арқасында «наурызға» жеттік. Бір қызығы конспект жазбақ болғанда, керегі жоқ, тек, ойларыңа түйіп алыңдар дейтін. Конспекті жаздырса, тексерісте шығып қалары түсінікті ғой.
Техникумды бітіріп үш жылдан соң Университтеке түстім. Инженерлерде сырттай бөлім деген жоқ. Күндізге түссем де, қызмет бабымен, кешкіге ауысуға тура келді. Алғашқы сабақ, «Мамандық түрі, ерекшеліктері» -деген, сабақ барлық кешкі бөлім студентеріне үлкен залда өтетін болды. Дөңгелек зал студентерге толдық. Мұғалім келді.
Техникумдағы «Мамандық тану» берген мұғалімім, көзіме оттай басылды. Лекция бітіп, жолықтым. Университетке осы пәннен, дәріс оқиды екен. Жылы сөйлесті. Сен мамандық үйренбейсің, енді үйрететін боласың. Себебі, сен тіс қақан дәрежең бар қызметкер, болашақ инженерсің деді. Расында, бұл сабақ, ұлттық ұғымды қалыптастыру, отанға қызмет ету үлгісін, үйреніп қоймай, өзгеге тәлім беруге бағытталып, күрделеніпті. Оныда жарты жыл оқып, сынақ тапсырдық.
Көп нәрсе көкейде қалды. Кейде қазақ елінде осындай тәрбие сабақтар болдыма екен, қәзір барма деген, ой мені мазалайды. Ұлттық рухымыз бен, ұлттық құндылықтарымыз қай денгейде. Монғол тілін білмейтін монғол жоқ. Қазақ тілін білмейтін қазақ қанша… Қамыққанда, ұстазымның «Қазақ өле берсін бе» деп, шыр пыр болған, ашулы жүзі еске түсіп, жүректі зіл басады.
Монғолия Кеңес одағының он алтыншы республикасы болған деседі.
Сол, Монғолияның дербес заңы, ақшасы, мың жылдық тарихы, мемлекеттік тілі «Монғол тілі» деп танылған, басқару жүйесі болды. Экономика, саясат жағынан кеңес одағына тәуелді еді. Осыдан туындап, монғолдар ұлттық сананы ұрпағына басқа жолмен сіңірді, сақтап қалды. Монғолия мемлекеті дінге де аса тиым салған жоқ. Кеңес одағынан сескеніп халыққа жайыпта жіберген жоқ. Қазақ үйінде «Құран» кітабын сақтай алмай отырғанда, қариясы бар әр монғолдың төренде, қасында шырақ жаққан, бәлен құдай, түген құдай деген адам бейнелері самсап тұратын. Қариясы, тіпті жастарының өзі, сол құдайларының алдына жүгініп, алақандарын құшына жапсырып, аузы жыбырлап, дұға оқып мүлгіп отыратын.
Ұланбатырдың ең биік жерінде «Будда дінінің» зәулім ғибадатқанасы бой түзеп тұрды. Халық күні түні үзілмейтін. Монғол достарысмызға еріп талай рет бардық. Әсіресе, емтихан кезінде студенттер, құдайдан баға сұрап, дұға оқытатын. Дұға жасап, тілек тілеуге арналған, үлкен, үлкен қатарласа орнатып қойған, су таситын бөшке сияқты айналма шөріктер болады. Шөріктің етегінде, ағаш тұтқалары бар, соны қолмен, алға қарай итеріп, шөрікпен бірге дұғаңды айтып, айналасың. Көп айналған сайын дұға қабыл болуы тез, дәл болады деген түсінік қалыптасқан.
Дұға жазып іліп қоятын арнаулы тақталар, шөріктер болады. Осыған өзіне, аруақтарға арнап дұға жазып іліп қояды. Бізде монғол достарымызбен бірге барып, олар айналып жүргенде, не істерімізді білмей қызыға қарап тұрушы едік. Біз дұға жайлы түсініксіз жүргенде, монғол достарымыз біраз дұға жатқа біліп, айтып жүретін. Будда діні Тибет тілінде. Ғибадатқананың ішіне кірсең алдарына ұзын, ұзын кітап қойған қызыл, сарыға оранған тақыр бас ламалар / молдалар / гүңгір, дүңгір дауыс шығарып, дұға оқиды. Бәрі бірігіп хормен дүңгірлегенде, айналаны жаңғыртып, дауыстары қызық естілетін. Мұсылмандардың құран хатым түсіретіні сияқты, монғолдарда аруақтарына будда құдайының жазбаларын мәнерлеп оқып, ғибадат жасау бар.
Үйді аластауға деп, үгітіп кептірілген арша, сіреңкені ғибадатқананың арнаулы адамдары, дұға оқып, барғандарға тегін тарататын. Негізі, қайырымдылық көмек деп, нашарларға көп жарылқау жасап жатқандарын көзіміз көрген. Монғол ламаларына әйел алуға, жолауға тиым салынған шектеу болды. Бұл шектеу 1921 жылғы революциядан кейін жойылып, ламаларға үйленуге рұқсат тиген болатын. Революцияға дейін үлкен, кіші ғибадатқаналарда жүз мың еркек кіндікті әйел алмай, лама болып жатақханада тұрған. Осыдан болып Монғолдардың саны өспей қалды деген, дерек бар. Осыншама адам дінмен айланысқанда, халықтың дінге көзқарасы өте жоғары болғанын анғару қиын емес.
Қазақтың «Ортақ өгізден, оңаша бұзау» дегені тегін емес. Жеке, дербес ел болған соң Монғолия ұлттық рухы, дінін өзгеге білдірмей ақ, кеменгер қайраткерлерінің арқасында сақтап, ұрпағына жеткізіп отырды. Ал, біз мұсылман дегеннен басқаны, мұсылманның өзі не екенін түсінбей жүрдік.
Тек анамның, «Бисмилла» деп айтып жүр. Тамақ ішсең , далада жүрсең қайта — қайта айтып жүр»,- дегені ғана ойда болды. Сонда, ойлаушы едім, қазақ деген біз өзі кімбіз деп. Қәзір Аллаға мың шүкір, түсінгендей болдық. Қәзіргі монғолдар сол будда дінінен безіп жатырма дейтін. Олардың да жастары, біздегі адасқан бауырларымыздай, христиандықты көптеп қабылдап жатқан сияқты. Монғолияда өткен ғасырдың аяғындағы шектен шыққан берекесіз жариялықтың кесірінен, біздегідей бөгде дін насихаттаушыларына бөгетсіз жол ашылды. Әсіресе христиан уағызшылары өте әбжіл қимылдағаны нәтиже берді. Монғолияның астанасы Ұланбатырдың өзінде 200-ге тарта христиан шіркеуі бар екен.
Жариялылық жылнамасына дейін Ұланбатырда христиан шіркеуі барын көрмек түгілі естіген емеспіз. Осыған қарап-ақ, христиан дінінің күш алғанын байқайсыз. Бізде Монғолия сияқты көрші елдердің жақсы, жаман әдет, ғұрыптарынан сабақ алып, өз тәжірибелерімізге арқау етсек жөн. Қазақ елі бодандықтан тәуелсіздік алдық. Жас мемлекет әр нәрсенің байыбына жетпеген тәжрибесіздігі, діни ғұламалар болмауы және атейст болып кеткен қайраткерлеріміздің әсерінен, дінді дүмшелетіп алдық.
Сол қәтеліктер тәуелсіздік алған 25 жылда түзелмей келеді Осыған жаны ауырған әрбір ұлтым деген, қазақ дін, діл, тіл жайын ойлап алаңдамай отыруы мүмкін емес. Мәңгі дүние жоқ. Бірақ, ұлтымыз, еліміз, ұрпағымыз үшін алаңдап, қам қарекет жасау, қазақпын деген,әр азамттың абыройлы парызы.
Дахан Шөкшир