Қазақ поэзиясы Түркияда танылуда!
Еліміз егемендік алғалы алыс-жақын шетелдермен əртүрлі байланыс жасаудамыз. Соның ішінде əдеби байланыстың орны ерекше. Осыған орай, биыл қазақ ақыны Ержан Жұмабектің «Шексіздік шұғыласы» атты жыр жинағы ақын, ғалым, полиглот, аудармашы Қуаныш Жұмабек пен ғалым Самал Жұмабек жəне түрік ақыны, филология ғылымдарының магистрі Несил Алагөздің тəржімалауымен Ыстамбұл қаласындағы «Ezgi Matabaacılık» баспасынан түрік тілінде жарық көрді. Кітаптың шығуына қолдау көрсеткен Түркия Республикасы «Medeniyetin Burçları» атты үлкен қоғамдық ұйым екен. Аталмыш еңбектің қазақша нұсқасы 2012 жылы ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан.
Ал, «Sonsuzluk Şûlesi» кітабының тұсаукесері Кайсери қаласында өтті. Түркияның білім саласындағы Али Дурсун, Забит Кекеч, Мустафа Акдениз сияқты азаматтар кештің өтуіне мұрындық болған. Ержан Жұмабектің шығармашылық кешіне Түркиядағы қазақ бауырлар да қатысқан. Ғалым, аудармашылардан басқа Эрджиес университетінің студенттері ақынмен сұхбаттасып, кеш соңында барлық қонақтар «»Шексіздік шұғыласы» кітабын сыйлыққа алған.
Саят Қамшыгер