ҚАЗАҚ ТІЛІН КЕМСІТУ – ҰЛТТЫҢ АШУ-ЫЗАСЫН ОЯТУ

Magnum кеше тек бір курьерді емес, бір ұлттың жүрегін жаралады.
Қазақстан қоғамында Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау талабы күшейіп келеді. Бірақ орыстілді шенеуніктері көп қазақ билігі тіл тақырыбына аса сақ, қазақ тілінің заңнама шеңберінде қолдануына сылбыр, қазақ тілінің заңды қуатын нығайтуға биліктің саяси жігері шынымен өте әлсіз.
Ал мемлекет өзінің «құрушы ұлтының» басты талабына зер салмаса, онда мемлекеттілік күші сарқылады..
Елімізде келесі қаңтар оқиғасы жуық жылдары міндетті түрде – Қазақ тілінің мәртебесі, яғни «Тіл майданы» үшін болатыны белгілі бола бастады. Ол майдан әлбетте «ең ақырғы зор майдан» болары хақ!