Қазақ жігіттері оқысын!
1 — Қасқыр ешқашанда екі рет жұп құрмайды .
2 — Терісін — тірідей сойып іреп алсаңда -қыңқ -деп қыңсылап дыбыс шығармайды.
3 — Қаншығы яғни құртқасы -өмірінде бірақ рет бөлтіріктейді.
4 — Күшік кезінен асырасаңда — ешқашанда құйрығын бұлғаңдатып еркелемейді.
5 -Иттің иесі болғанымен -бөрінің Тəңірі бар!
6 — Қасқырды тек Иттің сырттаны ғана алады. Басқалары қасқырдың исін сезсе , көрсе жанын қоярға жер таппай қыңсылап дірілдеп үйге қашып кіреді.
7 -Жазда тауға, қыста жазыққа ұмтылады.
8 -Бөлтіріктесе жанындағы елді мекендердің малына шаппайды.
9 -Қазақ қасқырды атын атамаған құтырып кетеді деп. Ит-құс деп атаған!
10 — Қасқырды терісінің жасалған ішікті жас жігіттерге кигізбеген: белсіздіке ұшырайды деп.
11 -Қасқырды ішігін жамылып бораннан өзі аман қалса! қасындағы серігі өлсе!- толық құн — немесе жарты құн төлеген! Өйткені қандай боран болсада, қасқырдың ішігін жамылған адамды суық боран ала алмайды.
12 — Қасқырды терісінің үстіне бөстек қылып отырсаңыз 1-2 сағат.-күні бойы денеңіз қызып жүреді.
13 -Ұлтарақ қылып салсаңыз терісінен аяқ киімге -табаныңызадан еш уақытта суық өтейді!
14 — Қазақ бөріні киелі деп пір тұтқан!
15 — Қазақ халқы сонау көне заманнан байрағына туына жалауына көк бөрінің бейнесін бейнелеген!
16 -Қасқырдың жүрегімен баланы ауыздандырса -Ол бала қасқырдай алғыр əрі тегін болмайды!
17 -Қасқырдың тісін,тырнағын. т.б.нəрселерін Адам баласы бойтұмар қылып тағып жүрсе тіл көз басқа нəрселер ала — алмайды!
18 — Түсінде көк бөрі көрген жүкті əйелдер Текті ұл туады!
19 — Қасқырдың саңғырығы яғни нəжісі жатқан жерге бұралқы иттер т.б. жола майды!
20 — Қасқырдың Қаншығы ешқашанда кеудесінде жаны барда -қолға түспеуге тырысқан жараланғанда,оқ тигенде өзінің бөлтірік туар жерін қауып жұлмалап тастаған!
21 -Қасқыр сырттан туатын итті .немесе қасқыр алатын күшікті аңдып жүріп өлтіруге тырысады, оларда осындай сезімталдық бар!
22 — Қасқыр еш уақытта Иттің күшігін бауырында баспайды.-Ал ит қасқырдың күшігін бауырына баса береді! Қазақ Тектілері əр түрлі жағдайларға байланысты кейбір азаматтардың нағашысының қолында болып кейін өз жұртына келсе Ит емген -Сүтемген деп атаған -яғни екі киелі əруақты емген деп атаған!
23 -Қасқырдың қолына Иттің Қаншығы түсе не өлтіріп тастайды не бəрі жабылып зорлайды!
24 — Ит қасқырдан туатын болса Қасқыр алатын төбет туады!
25 -Қасқырдың асығы мен Иттің асығы бір -біріне ұқсамайды!
26 — Ұйлыққан қасқырға Қазақ баласы аңға шықпаған яғни атпаған! Өршеленіп кетеді деп! Жазатайым атып қалса екеуінде атып алуға тырысқан! -Өйткені біреуі аман қалса, сол күннен бастап сол ауылдың малына жанына шабуыл жасаған.атқан аңшының малынан бөлек бала -шағасын қырып
кетуге тырысқан!
27 — Қасқырдың Терісін илеп қанша қайнаған суға бірнеше рет салсанызда өзіне тəн исі ешқашанда жоғалмайды!
28 — Өмірінде қасқыр аулап алған,атып алған адамды-аңшыны иен далада немесе таулы орманда, жазық жерде болсын қай жерде болсада Қасқыр көзінен таса болмайды өмір бой аңдып өтеді!
29 — Қасқырды Қазақ халқы ешқашанда азаптап өлтірмеген! Киесінен қорыққан!- құрметтеген! Егерде азаптап өлтірсе жаманшылық ұшыраған. Немесе ұрпағына зиян келген!
30 — Қасқырдай айлакер, ұйымшыл, ақылды жыртқыш жоқ өмірде!
31 — Қасқыр қыста боранды күндері 100 -шақырымнан астам жортады!
32 — Аңшылар қасқыр аулауға шыққанда, мылтығының ұңғысының аузын жауып қоятын болған! -Өйткені неше шақырымнан болсада мылтықтың исін сезіп қояды!
33 — Қазақ халқы бөлтірігін өлтіруге обалсынып апаның алдында бөлтіріктерінің тілерсегін қиып кеткен!- Ондай бөлтіріктерін қасқырлар басқа жаққа алып кеткен! -қайта малға шаба алмаған яғни жарымжан болып шойнаңдап қалған!
34 — Қасқырдың тісі тиген мал яғни қасқыр талаған қайта қатарға қосылмайды -деп сойып тастаған!
Өмірзақ Ақжігіт Фб парақшасынан