«Kazakh Invest» Басқарма төрағасы жұмыс сапарымен Түркия Республикасына барды
«Kazakh Invest» Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев 23-24 ақпанда жұмыс сапарымен Түркия Республикасына барды, онда алты — «KOÇ Holding», «YILDIZLAR SSS Holding», «YILDIRIM Holding», «KİBAR Holding», «SABANCI Holding»,«DAL Holding Investment» ірі түрік компаниясының басшыларымен кездесті.
«Kazakh Invest» тарапынан түрік бизнесмендеріне ҚР үшін экономиканың басым салаларында 47 ірі инвест жобалар ұсынылды.
Аталған холдингтер ірі трансұлттық компаниялар болып табылады, олардың жылдық айналымы шамамен 150 млрд. АҚШ долл. құрайды. Түркия бизнесмендері өздерінің өндірістік күштері мен ЕАЭО елдері мен ҚХР өткізу рыноктарын кеңейту үшін елдің стратегиялық орнын атап Қазақстан аумағында инвестжобаларды іске асыруға қызығушылықтарын білдірді.
Мысалға «KOÇ Holding» қызылорда облысында қызанақ және консервіленген өнімдер өндіру туралы келісімге қол жеткізілді. Компания сұйылтылған мұнай газын өндіру жобасына қатысуға қызығушылығын білдірді.
«YILDIRIM Holding» «Казгеология» АҚ бірлесіп 10 млн АҚШ долл. қатты пайдалы қазбаларды барлау жобасын іске асыруды, сондай-ақ Жамбыл облысында кальцинирленген соданы өндіруді бастайды, инвестициялар сомасы 220 млн. АҚШ долл. құрайды.
«Yildizlar SSS Holding» келісім бойынша бірінші жартяжылдықта үш жобаны іске асыруды бастайды: Қызылорда облысында «Байқоңыр» АӨК бірлесіп 50 млн. АҚШ долл. 138 мегаватт күшке ие газ-піспекті электр стансасын салу, 128 млн. АҚШ долл.10 млн. кв. метр күшке ие қыш плиталарын өндіру, сондай-ақ 10 млн. АҚШ долл. инвестициялар сомасымен Шығыс Қазақстан облысында қатты пайдалы қазбаларды барлау жобасын орындайды.
«KIBAR Holding» Маңғыстау облысында сэндвич-панельдер жасау жобасына қатысуға шешім қабылдады.
«Dal holding» Жамбыл облысында барит кені мен концентраттарын игеріп өңдеу жобасына қатысуға шешім қабылдады.
Сондай-ақ осы күндероі Анкара қаласында Түркиядағы ҚР Елшілігінің қолдауымен Түркия Тәуелсіз өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер ассоциациясының (MUSIAD) мүшелерімен инвестициялық форум болды. Аталған ұйымның Түркия ішінде мен шетелде тарамдалған іскерлік желісі бар. Мүшелерінің жалпы саны 11 мыңнан асады.
Форумда «Kazakh Invest» тарапынан Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, шетел инвесторларына арналған жеңілдіктер түрінде мемлекеттік қолдау шаралары таныстырылды.
MUSIAD жетекшісі Илхан Ердал Түркия бизнесі Қазақстанмен тығыз экономикалық байланыс құруға мүдделігін атап кетті. А.ж. наурыз айында Қазақстанға рынокты зерттеу және іскерлік серіктестермен кездесу үшін тағам саласындағы 15 ірі компания өкілдері жіберілетіндігіне қатысты келісімге қол жеткізілді.