Қазақпыз ғой анасын ардақтаған…

 

«Алып анадан, ат биеден туады», «Ананың ойы балада, баланың ойы далада» дейді бабаларымыз. Айта берсек ана туралы мақал да көп, нақыл да аз емес. Өйткені, біз – анасын ардақтаған елміз. Қанша баласы бар болса барлығын өмір бойына жүрегінде сақтап өтетін, баласының адам төзбес күнәсін де кешіретін мейірімді жан, ол – аналар. Майлықожаның сөзімен айтсақ, Алла және Пайғамбардан (с.а.у.) соң күллі досыңнан жақыны – Ана.   

    Шариғатымыз да, бабалырымыздан бері келе жатқан әдет-ғұрпымыз да ананы ардақтауға, құрметтеуге міндеттейді. Кімде-кім бұл міндетті орындаудан бас тартса екі дүниеде де оңа қоймайтыны ескертілді. Тіпті, өмірдің өзі оған көзімізді жеткізіп отыр. Анасын ардақтаған азаматтардың елдің алды болып, ал, құрметтемегендердің жаманшылыққа ұрынып, өмірінен береке кетіп жатқанына куә болып жүрміз. Соңғы кездері арнайы бекітілмесе де жылдың 365 күнінде де орыны бөлек аналар үшін 7 қыркүйекті көпшіліктің мерекеге айналдырып, атап өтіп жүргені белгілі. Жақсылықтан біз де қалыс қалмай, аяулы аналарымызды құттықтауды жөн көрдік. Ұлт ұятының ұясындай болған аналарымыз аман, балалары ер жетіп оларға қорған болғай! 7 қыркүйек – Аналар күні құтты болсын!

Ізгі ниетпен, «ЕлАна» әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты