ҚАЗАҚША ҚАР АТТАРЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

Қазақ тілі — қоры бай, мәні мен мағвнасы терең тіл. Оның байлығының бір ғана көрінісі — қазақ тіліндегі қарға байланысты жүзден аса атаудың болуы. Сол атауларды жеке жіктеп, назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
АҚША ҚАР — жаңа жауған таза қар.
ЖАПАЛАҚ ҚАР — ірі түйіршікті жапырақтап жауған қар.
ЖЫЛБЫСҚЫ ҚАР — ери жауған қар.
КӨБІК ҚАР — жерге түскенде астыңғы қабаты ери беріп, беті көбіршіген жұмсақ қар.
КҮРТІК ҚАР — беті қатқан, жаяу жүргенде ақсақ ойылатын қалың қар.
ҚАСАТ ҚАР — ұзақ жатқан қалың қар.
ҚИЫРШЫҚ ҚАР — жентектелген түйіршік қар.
ҚЫРБЫҚ ҚАР — жұқа жауған қар.
ОМБЫ ҚАР — ат бауырлайтын қалың қар.
СОНАР ҚАР — алғаш жауған қалың қар.
СҮРІ ҚАР — ерте жауып, ерімей қыс бойы қалыңдаған, нағыз қар.
СІРНЕ ҚАР — үйіліп жатқан қар.
КӨШКІН ҚАР — тау басынан төмен аққан қар.
СОҚЫР ҚАР — көз көрім жер көрінбей жауған қар.
АҚҰЛПА — баяу ғана жеңіл жауған үлпілдек қар.
АҚЖОРҒА — боранның ығына қарай жорғалап жауған қар.
ҮШБУ ҚАР — ұзақ жауған қалың қар.
СІЛБІ ҚАР — баяу ери жауған сулы қар.
БОРПЫЛДАҚ ҚАР — ақпа, сусымалы, бос, борпылдақ қар.
МАМЫҚ ҚАР — жұмасақ, үлбіреген қар.
АЛАҚАНАТ ҚАР — бір аумаққа жауып, бір аумаққа жаумай, жерге ала түскен қар.
АНЖЫР — қардың еріп қатуы. Қарқынға аралас қатқан қарлы мұз.
БОЗ ҚЫРАУ — күзгі күні тоңазудан болатын шық.
МҰЗДАҚ ҚАР — үстін мұз торлаған, көкшіл түсті, беті жылтыр сырғанақ қар.
“Білгенге маржан” кітабы бойынша дайындаған: Г. Бүркітбаева