Қазақстан аумағындағы ҚТЛ-дер бір айда тексерілмек

Алдағы жылдан бастап орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілін меңгерудің жаңа әдістемесі енгізіледі. Бұл туралы Астанада Қазақстан білім саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім еткен болатын.

«Мемлекеттік тілді одан әрі қарай дамыту және жаңа әдістемені енгізуге тоқталатын болсақ, бізде жыл сайын қазақ тілінде оқитын оқушылар саны өсуде. Бүгінде жетпіс пайыз мектеп оқушылары қазақша білім алуда. Биыл балалардың 72 пайызы қазақ тілінде  ҰБТ тапсырды.  2016 жылы жоғары оқу орындарына бөлінген гранттардың 80 пайызы мемлекеттік тілдегі мамандықтар. Бірақ, әлі де шешілмеген маңызды мәселені айтатын болсақ, орыс мектептерінде қазақ тілі оқытылса да, олар мемлекеттік тілді күнделікті өмірде қолданбайды. Сол мектептерде жаңа әдістеме керек болып тұр және оны барлығымыз түсінеміз», — деді министр.

Сондай-ақ,  Е.Сағадиев жаңа әдістемені бірлесіп дайындауға отандық ғалымдар мен әдіскерлер жұмылдырылғанын айта келе: «Әдістеменің негізгі жобасы дайын және ол кешегі сессияда таныстырылып, талқыланды. 2017 жылғы оқу жылынан бастап орыс тілінде оқитын балаларға қазақ тілін үйрететін сол жаңа коммуникативтік технологияларды енгізе бастаймыз. Дариға Нұрсұлтанқызы, Сіздің  берген тапсырмаңызға сәйкес, әдістеме әрі қарай оқушылармен бірге ересек адамдарға да ұсынылады», — деді.

KOIJ9IJ

Естеріңізде болса, 15 шілде күні Ыстамбұлда әскери бүлік орын алып, бұл көтерілісті «Түрік Қарулы күштеріне еніп алған Фетxуллаxшыл лаңкестік ұйымы ұйымдастырды» деп жарияға жар салынған болатын. Осыған орай, Қазақстанда қоғам арасында KATEV қорымен
құрылған Қазақ-Түрік лицейлерінің тағдыры тақырыбы қызу талқыға түсе бастады. Тамыз конференциясы қарсаңында «ҚазАқпарат» ХАА-ның ресми сауалына жауап берген ҚР Білім және ғылыми министрлігінің баспасөз хатшысы Әйгерім Әлібекова:

Жұмыс тобы бір айдың ішінде қазақ-түрік лицейлеріне аудит жүргізуі тиіс. Қазіргі уақытта жұмыс тобы  тексеруге тиісті мәселелердің тізілімі жасалуда. Аталған жұмыс тобының құрамына министрліктің білім саласына мемлекеттік бақылау қызметін жүзеге асыруға өкілетті өкілдері мен басқа да мүдделі тараптар кіреді. Олар оқу орындарының білім беру қызметінің білім саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін анықтауы керек,-деді.

 «Оқу орындарына қатысты мемлекеттік бақылау шаралары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген мерзім шегінде жүргізілетін болады және отыз күннен аспайды. Тексеру нәтижесінде білім беру ұйымы қызметінің заңнама талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы шешім қабылданады», — деп министрліктен хабарланғанын айта кетейік.

5 тамызда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға сапары барысында Қазақстандағы түрік лицейлерінің жұмысын Қазақстан мен Түркия білім беру министрліктерінің мамандарынан құрылған бірлескен жұмыс тобы тексеретіндігін мәлімдеген болатын.

ктл

Елбасы іссапарының ізін суытпай, ҚР Білім және ғылым министрлігінде Фетхуллах Гюленмен байланысының бар-жоғын анықтау үшін қазақ-түрік лицейлерін тексеретін жұмыс тобының құрылғандығын ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес, БҒМ жұмыс тобы құрылып, жұмысын бастады. Біз түрік тарапымен байланыста жұмыс істейміз. Алайда бұл оқу үдерісіне қатысы жоқ. Бұл біздің қазақстандық мектептер және олар қатаң тәртіпте еліміздің стандарттарымен қызмет етуде. Біз бұл лицейлерді бірнеше мәрте тексерген едік. Оларға қатысты ешқандай наразылық жоқ. Бұл тұрғыда лицейлер бұрынғысынша жұмыстарын жалғастырады», -деді министр.

   КТЛ оқушыларының осы қуанышты хабарды мәртебелі оқырмандармен бөлісуді жөн көрдік..!

HKUJK

Сүйінші!!!!Сүйінші!!!!Сүйінші!!!!
Құрметті білім жанашырлары! Тәуелсіз қазақ елінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында білімді шәкірттеріміз кезекті сыйын тарту етті! Ресейдің Қазан қаласында 12-19 тамыз аралығында өткен ХХVIII Халықаралық Информатика пән олимпиадасынан оқушыларымыз жеңіс тұғырынан көрінді. Әлемнің 315 оқушысы қатысқан білім бәйгесінен елімізден аттанған 4 оқушы еліміздің қоржынына 3 күміс, 1 қола медаль салды. Нұрбақыт Мадибеков күміс медаль (Алматы ҚТЛ), Назарбек Алтыбай күміс медаль (Ақтөбе ҚТЛ), Санжар Бидайбек күміс медаль (Астана ҚТЛ), Шаихитдин Незаметдинов қола медальға (Астана ҚТЛ) ие болды. РИОдағы дарабоздарымыздың желбіреткен көк туын білім әлемінде білімпаздарымыз желбірете бергей! Жеңісті күндер көп болғай, қадірменді қазақ елі!!!

«ЕлАна»