“Қазақстан дәуірі” ЖШС бір күндік жалақыларын аударды
Елімізде орын алған төтенше жағдай — Қазақстандықтарға оңай тиіп тұрған жоқ! Бұл да бір сынақ!
Су басқан өңірлердегі халықтың халі күн өткен сайын қиындап барады. Баспанасы құлаған, малы суға жығылған елдің — айтары көп. Бір қуанарлығы, Үкімет “ Су тасқынынан зардап шеккен бұқараны” қамқорлығына алып, ешкімде көмексіз қалмайтынына уәде берді! Бұл да болса дәтке қуат! Көңілге жұбаныш! Алыс-жақын көрші мемлекеттерден де гуманитарлық көмектер үздіксіз келуде. Елім-жерім деген азаматтар, өнер саласы қайраткерлері, қарапыйым жұрт та қолынан келген көмектерін аямауда.
Ел басына күн туғанда, алыс-жақындағы ағайын су тасқынынан қиналып, қам көңіл болып жатқанда, үнсіз қалу арға сын! Тым құрыса қанатымен су сепкен қарылғаштай, қиналған елдің бір кәдесіне жарауға себесін болуға жарасақ, біз үшін соның өзі үлкен абырой!
Қазақ баспасөзінде 30 жылдан аса тарихы бар
“Қазақстан дәуірі” халықаралық саяси-қоғамдық газеті мен Республикалық “Мөлдір бұлақ” журналы және “Елана” сайты
ұжымы бір күндік еңбек ақыларын тасқын судан қиналған ағайынға көмек ретінде беруге шешім қабылдады!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Қиындықтың артынан қуаныш келеріне шүбасыз сенеміз!
Біз су тасқынынан қиналған халықпен біргеміз!