Қазақстан халқын мазалайтын үш негізгі мәселе

Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеу орталығының директоры Юлия Кучинская:

«Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеу орталығы республика аумағы бойынша 1 600 респондент пен демократиялық күштер коалициясының сарапшылары арасында сауалнама жүргізді. Сауалнама 67 елдімекенде (қала мен ауыл аралас) жүргізілді.

Сонда айқындалған халық үшін ең өткір үш мәселені атап өтсек, олар — материалдық проблемалар, табыстың төмендігі және коммуналдық қызметтің жоғары тарифтері. Тұрғындардың 67,9 пайызы азық-түлік пен ең қажетті тауарлардың қымбаттауына алаңдаса, 30 пайызының жалақы төмендігіне көңілі толмайды. Ал қазақстандықтардың 26,5 пайызы коммуналдық қызмет тарифтерінің қымбаттығына шағымданды. Өткен жылы қазақстандықтардың жағдайы салыстырмалы түрде сәл-пәл жақсы болды.

Орталық жүргізген зерттеуге сүйенсек, 2017 жылы Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы жалпы алғанда «жақсы» деген бағаға ие болды. Респонденттердің 86,2 пайызының көңіл-күйі жақсы болса, 9 пайызының біразында алаңдаушылық, ал 2,9 пайызы қорқыныш пен үрей сезінген»,— деген ақпараттарды алға тартты.