Қазақстан халқының саны қанша болды?
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылы 1 наурызда еліміздегі халық саны 17733,2 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10113,8 мың (57%), ауылдықтар – 7619,4 мың адамды (43%) құрады. 2015 жылдың сәуірімен салыстырғанда халық саны 257,1 мың адамға немесе 1,47%-ға өсті.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерге сүйенсек, 2016ж. қаңтар-наурызда туылғандар саны 99,4 мың (2015 жылғы қаңтар-наурызда – 92,1 мың) адамды құрады, бұл 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларына қарағанда 7,9%-ға көп. Туу кезектілігі бойынша бірінші, екінші және үшінші туғандардың үлес салмағы сәйкесінше 31% (32%), 29% (29%) және 19%-ды (18%) көрсетіп отыр. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 22,47 (21,31) туылғандарды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 34,4 (33,2) мың адамды құрады, бұл 2015 жылдың қаңтар-наурызына қарағанда 3,6%-ға көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 7,78 (7,70) қайтыс болғандарды құрады.
2016 жылдың қаңтар-наурызында республика халқының табиғи өсімі 2015 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 6,1 мың адамға немесе 10,4% көбейіп, 65,0 (58,9) мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,69 (13,61) адамды құрады.
2016 жылғы қаңтар-наурызда республикада 1 жасқа дейінгі 1033 (847) нәресте өлімі тіркелді. 2015 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 22%-ға көбейді. 2016 жылғы қаңтар-наурызда нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғандарға шаққанда 10,39 (9,23) сәбиді құрады. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі — перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2016 жылғы қаңтар-наурызда 551 (444) нәресте қайтыс болып, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 53,3% (52,4%) құрады. Туа біткен ауытқулардан 217 (169) немесе 21% (20%), тыныс органдары ауруларынан – 91 (56) немесе 8,8% (6,6%) және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан — 39 (42) немесе 3,8% (5%) нәресте қайтыс болды.
Көші-қон полициясы органдары ұсынған келу/кетуді статистикалық есепке алу талондарындағы мәліметтері 2016 жылғы қаңтар-наурызда елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны (көшіп-қонушылар) 2015 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 26,7%-ға кеміп, 3053 адамды құрағанын көрсетіп отыр. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 20,3%-ға көбейіп, 5434 адамды құрады, көші-қонның айырымы -2381 адам болды. Республикадағы негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 75,2% және 87,7%-ды құрады. Қарастырылып отырған кезеңде 2015 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 16,6%-ға азайып, 97660 адамды құрады. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 42,5%-ы тиесілі. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы Алматы (8586 адам) қаласында және Ақмола (320 адам), Қостанай (318 адам), Маңғыстау (291 адам), Павлодар (280 адам), Атырау (83 адам) облыстарында қалыптасты.